Study

Негіздер 8 сынып

  •   0%
  •  0     0     0

  • Сілтілер дегеніміз не?
    Суда еритін негіздерді сілтілер деп атайды. Оларға натрий, калий, литий және барий гидроксидтері жатады.
  • Екідайлы (амфотерлі) негіздердің ерекшелігі неде?
    Олар қышқылдармен де, сілтілермен де әрекеттесіп, тұз бен су түзуге қабілетті.
  • Негіздерді алудың қандай жолдары бар?
    Негіздерді белсенді металдарды (натрий, кальций) сумен әрекеттестіру арқылы немесе белсенді металдардың оксидтерін сумен әрекеттестіру арқылы алады.
  • Байқаусызда сілті ішіп қойған адамға не беру керек?
    Сілтіні бейтараптау үшін оған 1-2%-дық лимон немесе сірке қышқылын беру қажет.
  • Индикаторлар сілтілік ортада түсін қалай өзгертеді?
    Сілтілік ортада лакмус — көк, фенолфталеин — таңқурай, ал метилоранж — сары түске боялады.
  • Негіздер дегеніміз не?
    Негіздер дегеніміз не? Негіздер (гидроксидтер) — бұл құрамына бір немесе бірнеше гидроксид топтарымен (ОН) байланысқан металл атомдары кіретін күрделі заттар.
  • Негіздер суда еруіне қарай қалай жіктеледі? Мысал келтір
    Негіздер суда еритін (сілтілер) (LiOH, KOH, NaOH, Ba(OH)2) және ерімейтін (Fe(OH)2, Mg(OH)2, Zn(OH)2, Be(OH)2, Al(OH)3) болып екіге бөлінеді.
  • Сілті көзге немесе теріге тигенде қандай алғашқы көмек көрсетіледі?
    Сілті тиген жерді судың көп мөлшерімен жуып, содан кейін 2%-дық бор қышқылының ерітіндісімен өңдеу қажет.
  • Негіздердің екінші атауы қалай аталады?
    Негіздерді сонымен қатар гидроксидтер деп те атайды.