Негіздер дегеніміз не? Негіздер (гидроксидтер) — бұл құрамына бір немесе бірнеше гидроксид топтарымен (ОН) байланысқан металл атомдары кіретін күрделі заттар.
15
Негіздердің екінші атауы қалай аталады?
Негіздерді сонымен қатар гидроксидтер деп те атайды.
15
Сілтілер дегеніміз не?
Суда еритін негіздерді сілтілер деп атайды. Оларға натрий, калий, литий және барий гидроксидтері жатады.
15
Негіздер суда еруіне қарай қалай жіктеледі? Мысал келтір
Негіздер суда еритін (сілтілер) (LiOH, KOH, NaOH, Ba(OH)2) және ерімейтін (Fe(OH)2, Mg(OH)2, Zn(OH)2, Be(OH)2, Al(OH)3) болып екіге бөлінеді.
15
Негіздерді алудың қандай жолдары бар?
Негіздерді белсенді металдарды (натрий, кальций) сумен әрекеттестіру арқылы немесе белсенді металдардың оксидтерін сумен әрекеттестіру арқылы алады.
15
Сілті көзге немесе теріге тигенде қандай алғашқы көмек көрсетіледі?
Сілті тиген жерді судың көп мөлшерімен жуып, содан кейін 2%-дық бор қышқылының ерітіндісімен өңдеу қажет.
15
Байқаусызда сілті ішіп қойған адамға не беру керек?
Сілтіні бейтараптау үшін оған 1-2%-дық лимон немесе сірке қышқылын беру қажет.
15
Индикаторлар сілтілік ортада түсін қалай өзгертеді?
Сілтілік ортада лакмус — көк, фенолфталеин — таңқурай, ал метилоранж — сары түске боялады.
15
Екідайлы (амфотерлі) негіздердің ерекшелігі неде?
Олар қышқылдармен де, сілтілермен де әрекеттесіп, тұз бен су түзуге қабілетті.