Ұзын (түтікті), қысқа, жалпақ және аралас сүйектер.
Тірек-қимыл жүйесінің қан түзу қызметіне не жауапты?
Сүйектің ішіндегі қызыл сүйек кемігі қан жасушаларын (эритроциттер, лейкоциттер) түзеді.
Сүйектің құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттардың рөлі қандай?
Органикалық заттар (оссеин) — сүйекке иілгіштік пен серпімділік береді; Бейорганикалық заттар (кальций, фосфор тұздары) — қаттылық пен мықтылық береді.
Тірек-қимыл жүйесінің негізгі екі бөлігін атаңыз?
Пассивті бөлігі (қаңқа) және активті бөлігі (бұлшықеттер).
Қаңқаның «қорғаныштық» қызметі дегенді қалай түсінесіз? Мысал келтіріңіз.
Қаңқа ішкі мүшелерді сыртқы соққыдан қорғайды. Мысалы: бассүйек – миды, кеуде қуысы – жүрек пен өкпені қорғайды.
Омыртқа жотасы мен жауырын сүйектері қай түрге жатады?
Омыртқа — аралас сүйекке, жауырын — жалпақ сүйекке жатады.
Your experience on this site will be improved by allowing cookies.