Game Preview

Адам қаңқасы

  •  Kazakh    6     Public
    Адам қаңқасы
  •   Study   Slideshow
  • Тірек-қимыл жүйесінің негізгі екі бөлігін атаңыз?
    Пассивті бөлігі (қаңқа) және активті бөлігі (бұлшықеттер).
  •  15
  • Қаңқаның «қорғаныштық» қызметі дегенді қалай түсінесіз? Мысал келтіріңіз.
    Қаңқа ішкі мүшелерді сыртқы соққыдан қорғайды. Мысалы: бассүйек – миды, кеуде қуысы – жүрек пен өкпені қорғайды.
  •  15
  • Тірек-қимыл жүйесінің қан түзу қызметіне не жауапты?
    Сүйектің ішіндегі қызыл сүйек кемігі қан жасушаларын (эритроциттер, лейкоциттер) түзеді.
  •  15
  • Пішініне қарай сүйектер қандай топтарға бөлінеді?
    Ұзын (түтікті), қысқа, жалпақ және аралас сүйектер.
  •  15
  • Омыртқа жотасы мен жауырын сүйектері қай түрге жатады?
    Омыртқа — аралас сүйекке, жауырын — жалпақ сүйекке жатады.
  •  15
  • Сүйектің құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттардың рөлі қандай?
    Органикалық заттар (оссеин) — сүйекке иілгіштік пен серпімділік береді; Бейорганикалық заттар (кальций, фосфор тұздары) — қаттылық пен мықтылық береді.
  •  15