Нағыз қабырғалар (1-7), жалған қабырғалар (8-10), қалқымалы қабырғалар (11-12).
Кеуде қуысын қандай сүйектер құрайды?
Қабырғалар, төс сүйек, омыртқалар
Аяқ басының сүйектері қандай бөліктерден тұрады?
Өкше, топай, текше, қайықша, сына сүйектері
Омыртқалардың бөлімдерін атаңыз:
Мойын, кеуде, бел, сегізкөз, құйымшақ
Нағыз қабырғалар мен жалған қабырғалардың айырмашылығы қандай?
Нағыз қабырғалар тікелей төс сүйегіне шеміршек арқылы бекиді, ал жалған қабырғалар үстіңгі қабырға арқылы қосылады.
Сүйектің құрылымдық бірлігі қалай аталады?
Сүйектің құрылымдық бірлігі – остеон, яғни тамырлары мен нервтері бар орталық өзекті айнала сақиналы орналасқан сүйек табақшалары жүйесі болып табылады.
Төс сүйегінің негізгі қызметі қандай?
Кеуде қуысының мүшелерін (жүрек, өкпе) қорғау және қабырғаларды байланыстыру.
Сүйек тінінің түзілуі мен сүйек тінінің бұзылуын қамтамасыз ететін жасушалар:
Остеобластар мен остеокластар
Сүйек қабы қалай аталады және ол қандай тіннен қалыптасады?
Сүйек қабы- периост деп аталды, ол дәнекер тінінен қалыптасады.