Game Preview

Тірек-қимыл жүйесі

  •  Kazakh    25     Public
    Сүйектердің құрылысы
  •   Study   Slideshow
  • Тірек-қимыл жүйесінің пассивті және активті бөлімдерін ата:
    пассивті -қаңқа және оның қосылыстары және активті - бұлшықеттер
  •  5
  • Сүйектің химилық құрамына сипаттама бер
    Сүйек- органикалық заттар, негізінен оссеин және бейорганикалық, негізінен кальций тұздары, әсіресе фосфорқышқылды ізбес.
  •  10
  • Сүйектің құрылымдық бірлігі қалай аталады?
    Сүйектің құрылымдық бірлігі – остеон, яғни тамырлары мен нервтері бар орталық өзекті айнала сақиналы орналасқан сүйек табақшалары жүйесі болып табылады.
  •  15
  • Сүйек қабы қалай аталады және ол қандай тіннен қалыптасады?
    Сүйек қабы- периост деп аталды, ол дәнекер тінінен қалыптасады.
  •  10
  • Сүйек тінінің түзілуі мен сүйек тінінің бұзылуын қамтамасыз ететін жасушалар:
    Остеобластар мен остеокластар
  •  15
  • Қызыл жілік майы сүйектің қай бөлігінде болады?
    Түтікті сүйектердің эпифизінде- қызыл жілік майы болады.
  •  10
  • Сүйек дамуының негізгі кезеңдерін ата:
    Эндосмальді; Перихондральді; Периостальді; Эндохондральді.
  •  15
  • Сүйектер құрылысы мен қызметтері бойынша қалай жіктеледі?
    Түтікті (жілік), Кемікті сүйектер, Жалпақ сүйектер, Аралас сүйектер
  •  10
  • Адам қаңқасы қандай бөлімдерден тұрады?
    Бассүйек, омыртқа бағанасы, кеуде қуысы, аяқ-қол сүйектері
  •  15
  • Бассүйек қандай сүйектерден тұрады?
    Төбе, маңдай, сына, самай, мұрын, бет, үстіңгі және астыңғы жақ сүйектер
  •  15
  • Омыртқалардың бөлімдерін атаңыз:
    Мойын, кеуде, бел, сегізкөз, құйымшақ
  •  10
  • Алғашқы мойын омыртқасының атауы қандай?
    Атлант
  •  10
  • Кеуде қуысын қандай сүйектер құрайды?
    Қабырғалар, төс сүйек, омыртқалар
  •  10
  • Қол сүйектері қандай бөлімдерден тұрады?
    Иық белдеуі (бұғана, жауырын), еркін қол сүйектері (тоқпан жілік, кәрі жілік, шынтақ сүйегі, білезік, алақан, саусақ сүйектері)
  •  15
  • Иық сүйектеріне қандай сүйектер жатады?
    Тоқпан жілік, жауырын, бұғана
  •  15
  • Адамның ең кішкентай сүйегі қайда орналасқан?
    Ортаңғы құлақта (үзеңгі сүйек)
  •  15