Study

резус фактор

  •   0%
  •  0     0     0

  • Егер адамның қаны өте сирек болса, оны қалай сақтайды және қажет жағдайда қалай қолданады?
    Сирек қан топтары арнайы қан банктерінде сақталады және қажет болған жағдайда арнайы медициналық орталықтар арқылы жеткізіледі.
  • Егер анасының резус факторы теріс (-), ал әкесінікі оң (+) болса, жүктілік кезінде қандай мәселелер туындауы мүмкін?
    Егер бала Rh(+) болса, анасының иммундық жүйесі оған қарсы антиденелер шығарып, резус-конфликт туындауы мүмкін. Бұл жағдайда жүктілікке ерекше бақылау керек.
  • Адамның қан тобы оның денсаулығына әсер ете ме?
    Кейбір зерттеулер бойынша, A(II) қан тобы бар адамдарда жүрек-қан тамыр аурулары жиі кездесуі мүмкін, ал O(I) қан тобы бар адамдарда асқазан жарасы қаупі жоғары
  • Егер науқасқа сәйкес келмейтін қан құйылса, қандай белгілер пайда болуы мүмкін?
    Дене қызуының көтерілуі, қалтырау, жүрек айнуы, тыныс алудың қиындауы, зәр түсінің өзгеруі, ауыр аллергиялық реакциялар.
  • Қандай резус факторлар бар?
    Rh(+) (оң резус) – антиген бар Rh(-) (теріс резус) – антиген жоқ
  • Жыныстық хромосомалармен тұқым қуаламайтын белгілер қалай аталады?
    Олар аутосомды белгілер деп аталады және қалыпты (1-22) хромосомаларда орналасады.
  • Неліктен резус-конфликт екінші жүктілік кезінде біріншіге қарағанда қауіптірек?
    Бірінші жүктілік кезінде ананың иммундық жүйесі Rh(+) балаға қарсы антиденелерді аз мөлшерде шығарады. Бірақ екінші жүктілік кезінде организм бұрынғыдан көбірек
  • Егер адамның қан тобы AB(IV) Rh(+), ал жұбайының қан тобы O(I) Rh(-) болса, балаларының қан тобы қандай болуы мүмкін?
    Баланың қан тобы A(II) немесе B(III) Rh(+) немесе Rh(-) болуы мүмкін. AB және O қан топтары бірге болғанда, бала O қан тобын ала алмайды.
  • Неліктен ер адамдар гемофилияны анасынан тұқым қуалайды?
    Себебі ер адамдарға X хромосомасы тек анасынан беріледі. Егер анасы гемофилия генін тасымалдаса, ұлы міндетті түрде осы аурумен туылады.
  • Қан топтарын дұрыс анықтау медицинаның қай салаларында маңызды рөл атқарады?
    Трансфузиология (қан құю), акушерлік және гинекология (жүктілік), хирургия, онкология, генетика, криминалистика, иммунология салаларында өте маңызды.
  • Донорлық қанды алмастырудың заманауи әдістері қандай және олардың қан құюдан артықшылығы қандай?
    Қанды алмастыратын ерітінділер (перфторан, гемопур, гемозин) жасалып жатыр. Олардың артықшылығы – вирустардан таза, ұзақ сақталады, кез келген қан тобымен үйлес
  • Егер адамға сәйкес келмейтін қан құйылса, қандай реакциялар болуы мүмкін?
    Гемолиз (қан жасушаларының бұзылуы), аллергиялық реакция, қан қысымының төмендеуі, бүйрек жеткіліксіздігі, анафилактикалық шок сияқты ауыр жағдайлар болуы мүмкі
  • Резус-конфликттің алдын алу үшін қандай шаралар қолданылады?
    Антирезус иммуноглобулин (Rh-иммуноглобулин) инъекциясы жүктіліктің 28-ші аптасында және босанғаннан кейін енгізіледі.
  • Егер адамның қан тобы O(I), Rh(-) болса, ол кімге қан бере алады?
    Ол барлық қан топтарына (O, A, B, AB) Rh(-) және Rh(+) адамдарға қан бере алады, себебі оның эритроциттерінде ешқандай антиген жоқ.
  • Неліктен кейбір адамдар тек өз қан тобындағы донордан ғана қан ала алады?
    Себебі, егер қанда бөтен антигендер болса, иммундық жүйе оларды жат зат ретінде қабылдап, агглютинация (қанның ұюы) реакциясын бастайды.
  • Егер ата-ананың бірінің қан тобы A(II), екіншісінің қан тобы B(III) болса, баласының қан тобы қандай болуы мүмкін?
    Баланың қан тобы O(I), A(II), B(III) немесе AB(IV) болуы мүмкін, себебі ата-анадан әртүрлі антигендер берілуі мүмкін.
  • АВ0 жүйесі бойынша қан топтары қалай жіктеледі?
    Адамның қанында A, B антигендері болуына немесе болмауына байланысты төрт қан тобы бар: O (I) – антигендер жоқ A (II) – A антигені бар B (III) – B антигені бар
  • Қан құю кезінде тек эритроциттерді құюға бола ма?
    Иә, кейбір жағдайларда тек эритроциттік масса немесе плазма құйылады.
  • Әкесінде гемофилия болса, балаларына беріле ме?
    Ұлдарына берілмейді, себебі әкесі оларға тек Y хромосомасын береді. Бірақ қыздары міндетті түрде тасымалдаушы болады, өйткені олар әкесінен Х хромосомасын алады
  • Қан топтарының қандай жүйелері бар?
    Ең танымал жүйелер: АВ0 (АВО) жүйесі және Резус (Rh) жүйесі. Сонымен қатар, Келл, Даффи, Кидд сияқты басқа жүйелер де бар.
  • Резус фактордың эволюциялық маңызы бар ма?
    Кейбір ғалымдар Rh(-) резус факторы мутация нәтижесінде пайда болғанын және белгілі бір инфекциялардан қорғаныш ретінде қалыптасқанын болжайды.
  • Неліктен қан тобын дұрыс анықтау хирургиялық операцияларда маңызды?
    Себебі, операция кезінде қан жоғалту мүмкіндігі жоғары, ал сәйкес келмейтін қан құйылса, науқастың өміріне қауіп төнеді.
  • Ғылыми-технологиялық прогресс қан топтары мен резус факторын зерттеуде қандай жаңалықтар әкелуі мүмкін?
    Жасанды қан жасау, гендік инженерия арқылы қан тобы өзгерту, қан құюдың жаңа қауіпсіз әдістерін жасау, резус-конфликттің алдын алу үшін жаңа вакциналар әзірлеу
  • Неліктен O(I) Rh(-) әмбебап донор деп аталады?
    Себебі O(I) Rh(-) қанының эритроциттерінде антиген жоқ, сондықтан ол кез келген адамға құйылғанда иммундық реакция тудырмайды.
  • Гемофилиямен ауыратын ер адам сау әйелге үйленсе, олардың балалары қандай болуы мүмкін?
    Барлық ұлдары – сау болады. Барлық қыздары – тасымалдаушы болады.
  • Резус фактор дегеніміз не?
    Бұл эритроциттердің (қан жасушаларының) бетінде Rh (D) антигенінің бар немесе жоқ болуын білдіреді