Адам ағзасындағы қандай процестер тербелмелі қозғалыспен байланысты?
Жүрек соғысы. Тыныс алу қозғалыстары. Дыбыс сіңірлерінің тербелісі.
Тербелмелі қозғалыс дегеніміз не?
Тербелмелі қозғалыс – дененің уақыт өтуіне қарай , жуықтап қайталанып отыратын қозғалысы.
Математикалық маятник дегеніміз не?
Созылмайтын, массасы елеусіз жіпке ілінген, тербелмелі жүйе.
Еркін тербеліс дегеніміз не?
Еркін тербеліс – дене сыртқы күштің әсерінсіз, тек бастапқы берілген энергия есебінен қозғалысын жалғастыратын тербеліс.
Резонанстың зиянды жақтары қандай?
Көпірлер мен ғимараттардың құлауы . Машиналардың немесе құрылғылардың дірілі. Адам денсаулығына зиян келтіретін жоғары
Адам денсаулығы үшін қауіпті дыбыстық тербелістерге мысал келтіріңіз.
Жоғары жиіліктегі ультрадыбыс адамға зиянды болуы мүмкін. Күшті инфрадыбыстар бас айналдыруы және жүйкеге әсер етуі мүмкін.
Дыбыс толқындары қандай тербелістерге жатады: еркін немесе еріксіз?
Дыбыс толқындары еріксіз тербелістерге жатады, өйткені олар сыртқы күштің (мысалы, динамик, дауыс байламы) әсерінен пайда болады.
Еріксіз тербеліс дегеніміз не?
Еріксіз тербеліс – дене сыртқы периодты күштің әсерінен жүзеге асыратын тербеліс.
Катализаторлардың тербелмелі процестерге әсері қандай?
Катализаторлар реакция жылдамдығын арттырып, кейбір тербелмелі реакцияларды тұрақтандырады.
Молекулалардың жылулық қозғалысы еркін немесе еріксіз тербеліс пе?
Еркін тербеліс, себебі молекулалар сыртқы күшсіз өздігінен қозғалады.
Резонанс дегеніміз не?
Резонанс – сыртқы периодты күштің жиілігі дененің меншікті тербеліс жиілігіне тең болған кезде тербеліс амплитудасының күрт артуы.
Резонанстың пайдалы жақтары қандай?
Радиотолқындарды қабылдау. Музыкалық аспаптардың жұмыс істеуі. МРТ (магниттік-резонанстық томография) медицинада қолданылады.
Тербеліс амплитудасы, жиілігі және периоды дегеніміз не?
Амплитуда (A) – дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ауытқуы. Жиілік (f) – бір секундта жасалатын тербеліс саны (өлшем бірлігі – Гц). Период (T) – бір толық тер
Химиялық реакцияларда қандай тербелістер кездеседі?
Молекулалардың тербелмелі қозғалыстары, химиялық байланыстардың тербелістері.
Автокөлік қозғалысы кезінде діріл (вибрация) қай түрдегі тербеліс болып табылады?
Бұл еріксіз тербеліс, себебі қозғалтқыш пен жол кедергілері сыртқы күш ретінде әсер етеді.
Your experience on this site will be improved by allowing cookies.