Edit Game
Тірек-қимыл жүйесі
 Delete

Use commas to add multiple tags

 Private  Unlisted  Public



 Save

Delimiter between question and answer:

Tips:

  • No column headers.
  • Each line maps to a question.
  • If the delimiter is used in a question, the question should be surrounded by double quotes: "My, question","My, answer"
  • The first answer in the multiple choice question must be the correct answer.






 Save   25  Close
Қабырғалардың анатомиялық құрылымы қандай?
Қабырға басы, мойны, денесі және туберкулы болады
Нағыз қабырғалар мен жалған қабырғалардың айырмашылығы қандай?
Нағыз қабырғалар тікелей төс сүйегіне шеміршек арқылы бекиді, ал жалған қабырғалар үстіңгі қабырға арқылы қосылады.
Қабырғалар мен төс сүйегі қалай байланысады?
Қабырғалар шеміршек арқылы төс сүйегіне бекиді.
Төс сүйегінің негізгі қызметі қандай?
Кеуде қуысының мүшелерін (жүрек, өкпе) қорғау және қабырғаларды байланыстыру.
Қабырғалар қандай бөлімдерге бөлінеді?
Нағыз қабырғалар (1-7), жалған қабырғалар (8-10), қалқымалы қабырғалар (11-12).
Семсер тәрізді өсінді қайда орналасқан және оның маңызы қандай?
Төс сүйегінің төменгі бөлігінде орналасады, бұлшықеттердің байланысу нүктесі ретінде қызмет етеді.
Төс сүйегі қандай бөліктерден тұрады?
Төс тұтқасы, төс денесі, семсер тәрізді өсінді.
Аяқ басының сүйектері қандай бөліктерден тұрады?
Өкше, топай, текше, қайықша, сына сүйектері
Аяқ сүйектері қандай бөлімдерден тұрады?
Жамбас, ортан жілік, тізе тобығы, асықты жілік, аяқ басы сүйектері
Адамның ең кішкентай сүйегі қайда орналасқан?
Ортаңғы құлақта (үзеңгі сүйек)
Иық сүйектеріне қандай сүйектер жатады?
Тоқпан жілік, жауырын, бұғана
Қол сүйектері қандай бөлімдерден тұрады?
Иық белдеуі (бұғана, жауырын), еркін қол сүйектері (тоқпан жілік, кәрі жілік, шынтақ сүйегі, білезік, алақан, саусақ сүйектері)
Кеуде қуысын қандай сүйектер құрайды?
Қабырғалар, төс сүйек, омыртқалар
Алғашқы мойын омыртқасының атауы қандай?
Атлант
Омыртқалардың бөлімдерін атаңыз:
Мойын, кеуде, бел, сегізкөз, құйымшақ
Бассүйек қандай сүйектерден тұрады?
Төбе, маңдай, сына, самай, мұрын, бет, үстіңгі және астыңғы жақ сүйектер
Адам қаңқасы қандай бөлімдерден тұрады?
Бассүйек, омыртқа бағанасы, кеуде қуысы, аяқ-қол сүйектері
Сүйектер құрылысы мен қызметтері бойынша қалай жіктеледі?
Түтікті (жілік), Кемікті сүйектер, Жалпақ сүйектер, Аралас сүйектер
Сүйек дамуының негізгі кезеңдерін ата:
Эндосмальді; Перихондральді; Периостальді; Эндохондральді.
Қызыл жілік майы сүйектің қай бөлігінде болады?
Түтікті сүйектердің эпифизінде- қызыл жілік майы болады.
Сүйек тінінің түзілуі мен сүйек тінінің бұзылуын қамтамасыз ететін жасушалар:
Остеобластар мен остеокластар
Сүйек қабы қалай аталады және ол қандай тіннен қалыптасады?
Сүйек қабы- периост деп аталды, ол дәнекер тінінен қалыптасады.
Сүйектің құрылымдық бірлігі қалай аталады?
Сүйектің құрылымдық бірлігі – остеон, яғни тамырлары мен нервтері бар орталық өзекті айнала сақиналы орналасқан сүйек табақшалары жүйесі болып табылады.
Сүйектің химилық құрамына сипаттама бер
Сүйек- органикалық заттар, негізінен оссеин және бейорганикалық, негізінен кальций тұздары, әсіресе фосфорқышқылды ізбес.
Тірек-қимыл жүйесінің пассивті және активті бөлімдерін ата:
пассивті -қаңқа және оның қосылыстары және активті - бұлшықеттер