Study

https://files2.abingcdn.com/balkaneu.com/uploads ...

  •   0%
  •  0     0     0

  • Электрлік көліктер сонау 1932 жылы пайда болды. Шын ба? жалған ба? жауабыңды түсіндір
    Шын. 1930 жылдардың басында жаңадан шыққан өнертапқыш Роберт Андерсон ең алғашқы электр көлігін жасап шығарды.
  • Теріс ионның пайда болуын түсіндір.
    Атом басқа атомның электрондар қосып алса, оның теріс заряды көбірек болады да, теріс ионға айналады.
  • Денені электрлеудің қандай әдістері бар?
    Үйкелеу арқылы, зарядты бөліп беру арқылы және индукциялау арқылы
  • Құбылысты түсіндір
    Зарядталу құбылысы. Баланың шаштарының заряды бірдей болғандықтан, олар бір бірінен тебіледі
  • Атомның құрамында зарядталған бөлшектер болғанына қарамастан, ол электрлік бейтарап болып табылады. Неліктен?
    Өйткені атомда оң зарядтар мөлшері теріс зарядтар мөлшеріне тең.
  • Элементар заряд деген не? Сан мәні қандай? Оған қандай бөлшектер ие?
    Табиғаттаға ең кіші заряд. 1.6*10-19 Кл. Электрон және протон
  • Суретті (анимацияны) толық түсіндір
    Резерфорд жасаған модель атомның құрылысын сипаттайды, атомның планетарлық моделі.
  • Ең қарапайым химиялық элемент не? Оның құрылысын сипатта.
    Сутегі, бір протонды бір электрон айналып жүреді.
  • Оң ионның пайда болуын түсіндір.
    Атом өзінің электрондарынан айырылып қалса, оның + заряды көбірек болады да, оң ионға айналады.
  • Изотоп деген не? Атомдық құрылыстарын түсіндір
    Бір хим.элементтің атомдары, оларда нейтрон саны әр түрлі, протон, электрон сандары бірдей
  • Найзағай деген не? Түсіндір.
    Заряд әбден көп жинақталған кезде бұлттан жерге қарай зарядтар ағады, қысқа мерзімді ток жүреді, ол кедергісі аз орын арқылы жүреді.
  • Кез келген электрлік тізбекті, қондырғыны іске қосатын немесе сөндіретін не?
    Кілт
  • Әлемде электр энергиясын өндіру үшін ең көп қолданылатын отынның түрі? Түсіндір.
    электр энергиясының 38%-ы көмірден алынады, көмірді пайдалану процесі қарапайым, жылу электр станциясында өндіріледі.
  • Алғаш рет электрлік құбылыстар қай елде, қалай ашылған? Қандай денені қолданған кезде ашылған?
    Ежелгі Греция. Янтарьды өңдеу кезінде электрлену құбылысы ашылған.
  • Натрий атомының құрамында 11 протон , 12 нейтрон және 10 электрон бар десек, оның заряды туралы не айтуға болады?
    Натрий атомы оң зарядталған деп айтуға болады, яғни натрийдің оң ионы түзілген.
  • Егер бір зарядталған денеге зарядталмаған денені жанстырса, оның заряды азаяды,ослайша басқа денеге жанастыру арқылы оның зарядын шексіз азайта беруге бола ма?
    Денедегі зарядтың шамасын тек элементар зарядқа дейін азайтуға болады.
  • Электрленген денелердің қандай қасиеттері болады?
    Олар өзара әрекеттеседі, тартылады, тебіледі.
  • Алтын атомының құрамы қандай?
    протон 79, нейтрон 118, электрон 79
  • Адам денесінің қай органының жұмысына электр тогы маңызды рөл атқарады?
    Электр тогы жүрек соғуында рөл атқарады
  • Денесінен 500 Вольтқа дейін электрлік кернеу бере алатын қандай тіршілік иесін білесің? ОЛ осындай жоғары кернеуді қандай кезде қолданады деп ойлайсың?
    Жыланбалық деп аталады. Олар өздеріне қауіп төнгенде ғана қорғаныш ретінде пайдаланады.