Study

Geography

  •   0%
  •  0     0     0

  • Қазақстанның ішкі суларының түрлері?
    Өзендер, көлдер, жерасты сулары, бөгендер, каналдар, мұздықтар.
  • Еліміздегі көлдер саны қанша?
    48 мыңнан астам.
  • Таулы өзендердің сипаты?
    Жас өзендер, ағысы жылдам, жайылмасы толық, бағытын өзгерту мүмкіншілігі жоғары.
  • Өзендердің зоналар бойынша таралуы?
    Орманды дала, дала зоналарында ішкі сулар біршама көбірек кездесетін болса, шөлейт және шөл зоналарында өте аз.
  • Жарты жолда жерге сіңіп кететін өзендер.
    Қараөзен, Сарыөзен, Сағыз, Ойыл, Ырғыз, Торғай.
  • Канал дегеніміз не?
    Канал - адамның қолынан жасалған жасанды өзен.
  • Қазақстанның ішкі суларының орналасу сипаты
    Мемлекетіміздің материктің орталығында орналасуына , жер бедерінің алуан түрлілігіне, жауын-шашынның біркелкі түспеуіне байланысты.
  • Көлдердің орналасу аймақтары?
    Көлдер көбінесе ылғал көбірек түсетін Солтүстік, Оңтүстік-Шығыс пен Шығыстың таулы аудандарында.
  • Каспий, Арал, Балқаш көлдеріне құятын өзендерді ата?
    Каспий- Жайық, Арал - Сырдария, Балқаш -Іле.
  • Өзен суларының қоректенуі.
    Өзендер басым түрде еріген қар суымен және жаңбыр суымен қоректенеді.
  • Елімізде өзендер қандай алаптарға бөлінеді?
    Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық алап.
  • Бөген деген не? Еліміздің ірі бөгендерін ата.
    Бөген- жасанды су қоймасы. Бұқтырма, Шардара, Қапшағай.
  • Еліміздің ірі өзендері?
    Ертіс, Есіл, Тобыл, Шу , Жайық Сырдария және Іле.
  • Ағысы баяу, таяз өзендер?
    Шу , Сарысу, Нұра, Тобыл өзендері.
  • Өзендердің орналасуы.
    Өзендер Шығыс және Оңтүстік-Шығыс таулы аудандарда жиі орналасқан.