Қазақ дәстүрінде үлкендердің кішіге (көбіне балаларға) жаңа киім немесе зат алғанда қуанышына ортақтасып беретін сыйлығы.
Үй көрсету
Жаңа түскен келінді туыс туған, көрші көлем, ілік жекжаттар «үй көрсетуге», яғни, есік ашарға шақырады.
Итаяғына салу
«Итаяғына салу» деген келіншек босанып баланы шаранасынан жуатын суға күміс жүзік, сақина, күміс түйме сияқты заттарды ыдысқа салып жіберіп, нәрестені жуады.
Бәсіре
Қазақ дәстүрінде ұл бала дүниеге келгенде немесе сүндетке отырғызғанда оған арнап аталатын, сол жылы туған жүйрік құлын немесе бота.
Ат тергеу
Жаңа түскен келіннің қайын жұртындағы үлкендердің атын тура атамай, оларға құрметпен ерекше лақап ат қою салты.
Түйемұрындық
Ұзатылып жатқан жас келіншек көшінің жолында отырған ауылдың адамдары керуен атының ноқтасынан, түйесінің бұйдасынан ұстап тұрып сұрайтын кәдесі.
Your experience on this site will be improved by allowing cookies.