Study

Химия терминология

  •   0%
  •  0     0     0

  • «Натрий тетрагидроксоцинкаты» қосылысының химиялық формуласын жазыңыз.
    Na2[Zn(OH)4]
  • Хелатты эффект дегеніміз не және ол кешеннің тұрақтылығына қалай әсер етеді?
    Хелатты эффект — бұл көпденттатты лиганданың орталық атоммен тұйық сақина түзе байланысуы арқылы кешенді қосылыстың тұрақтылығын едәуір арттыруы.
  • [Co(NH3)6]Cl3 қосылысындағы кобальттың координациялық санын және тотығу дәрежесін анықтаңыз.
    К.С = 6, Т.Д = +3
  • IUPAC номенклатурасы бойынша [Cu(NH3)4]SO4 қосылысын атаңыз.
    Тетраамминмыс (II) сульфаты
  • Егер кешенді ион анион болса, орталық атомның атауына қандай жалғау қосылады?
    «-ат» жалғауы, мысалы: феррат, купрат, платинат
  • Аква- және амминлигандаларының донорлық атомын көрсетіңіз.
    Аквада — оттегі O, амминде — азот N
  • Амфотерлі гидроксидтердің артық мөлшердегі сілтімен әрекеттесуі кезінде түзілетін кешеннің түрін атаңыз.
    Гидроксокомплекстер, мысалы Na[Al(OH)4]
  • Комплексті қосылыстардың түзілуіндегі донорлы-акцепторлы механизмнің мәнін сипаттаңыз.
    Лиганданың бос электрон жұбы мен комплекстүзушінің бос орбитальдары арасындағы байланыс
  • Координациялық сан 4 болған жағдайда кешеннің қандай геометриялық пішіндері болуы мүмкін?
    Тетраэдр немесе жазық квадрат
  • Сыртқы сферадағы иондардың саны кешенді ерітіндінің электрөткізгіштігіне қалай әсер етеді?
    Иондар саны көп болған сайын молярлық электрөткізгіштік жоғарылайды
  • Комплекстүзуші ретінде көбінесе d-элементтерінің таңдалу себебі неде?
    Оларда бос немесе жартылай толған d-орбитальдардың болуы және иондық радиусы мен зарядының сәйкестігі
  • Координациялық сан мен комплекстүзушінің тотығу дәрежесі арасында қандай айырмашылық бар?
    Тотығу дәрежесі — шартты заряд, ал координациялық сан — байланыстар саны