Study

Тірі және өлі табиғаттағы  ...

  •   0%
  •  0     0     0

  • Су айналымы қалай жүреді?
    Су буланады, бұлтқа айналады, жаңбыр болып жерге түседі
  • Тірі ағзалардың негізгі қасиеттері қандай?
    Қоректену, тыныс алу, өсу, көбею
  • Фотосинтез нәтижесінде не түзіледі?
    Қоректік зат және оттек
  • Фотосинтез үшін не қажет?
    Күн сәулесі, су, көмірқышқыл газы
  • Ескі таулар мен жас таулардың айырмашылығы қандай?
    Жас таулар биік, шыңдары сүйір; ескі таулар аласа, төбелері тегіс
  • Фотосинтез қай жерде жүреді?
    Жапырақта
  • Тірі ағзалардың ұйымдасуының ең кіші деңгейі қандай?
    Молекулалық деңгей
  • "Жасуша" терминін ғылымға кім енгізді?
    Роберт Гук
  • Ауа райы мен климаттың айырмашылығы қандай?
    Ауа райы – қысқа мерзімді, жиі өзгереді. Климат – ұзақ мерзімді, тұрақты сипат
  • Табиғи апаттарға не жатады?
    Жер сілкінісі, су тасқыны, дауыл және т.б.
  • Үгілу түрлерін атаңыз
    Физикалық, химиялық және биологиялық
  • Жасуша дегеніміз не?
    Тіршіліктің құрылымдық және қызметтік бірлігі