Кедергінің температуралық коэффициенті (α) дегеніміз не? Оның өлшем бірлігі қандай?
Кедергінің температуралық коэффициенті (α) — затты 1 градусқа қыздырғанда оның меншікті кедергісінің салыстырмалы өзгеруін сипаттайтын шама. Өлшем бірлігі К
Кедергінің температуралық коэффициенті қандай әріппен белгіленеді?
α (альфа).
Таза металдардың α коэффициенті әрдайым оң бола ма?
Иә, оң болады (α>0).
Неліктен металды қыздырғанда оның кедергісі артады? (Микроскопиялық деңгейде, яғни кристалдық тор түйіндеріндегі иондардың тербелісімен байланыстырып түсіндір).
Температура артқанда металдың кристалдық торындағы иондардың тербелісі күшейеді. Бұл бағытталған қозғалыстағы электрондардың иондармен соқтығысу жиілігін арттыр
=R0,(1+αΔt) формуласындағы R0 нені білдіреді?
0°C-тағы кедергі.
Асқын өткізгіштің кедергісі нешеге тең?
Нөлге (R=0)
Асқын өткізгіштік құбылысы дегеніміз не? Оны ең алғаш кім ашты?
Төмен температураларда кейбір өткізгіштердің кедергісінің кенеттен нөлге дейін төмендеу құбылысы. Оны 1911 жылы Камерлинг-Оннес ашты.