Toggle Navigation
Games
Blog
Class PIN
Join for Free
Sign in
Toggle Navigation
Games
PIN
Join for Free
Blog
Pricing
Contact us
Help center
Sign in
Study
1867-1868 жж реформа
0
%
0
0
0
Back
Restart
Ресейдің отаршылдық саясатындағы «Бөліп ал да, билей бер» принципі нені білдірді?
Қазақ қоғамын іштей іріту, рулық алауыздықты қоздыру арқылы басқару.
Oops!
Okay!
Отаршыл билік қоныстанушыларды ерікті түрде орналастыру туралы заңды қашан қабылдады?
1889 жылы 13 шілдеде.
Oops!
Okay!
1867–1868 жылдардағы реформа бойынша Қазақстанда қандай генерал-губернаторлықтар құрылды?
Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтары.
Oops!
Okay!
1867 жылы 11 шілдеде ІІ Александр патша қандай құжатқа қол қойды?
«Сырдария және Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ережеге».
Oops!
Okay!
Транссібір теміржолының құрылысы қашан аяқталды?
1893 жылы.
Oops!
Okay!
Щербина экспедициясының құрамында болған қазақ зиялыларын атаңыз.
Ә. Бөкейхан, М. Бекетаев, Ұ. Бизанов, Т. Жалмұхаметов және т.б.
Oops!
Okay!
1891 жылғы ереже бойынша мемлекет меншігіне тағы нелер жатқызылды?
Мал жайылымы, жер қойнауы, ормандар мен су көздері.
Oops!
Okay!
1896–1903 жылдары Қазақстанда қандай экспедиция жұмыс істеді?
Ф.А. Щербина бастаған статистикалық экспедиция.
Oops!
Okay!
1822 жылы М.М. Сперанскийдің басшылығымен қандай құжат қабылданды?
«Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы Жарғы».
Oops!
Okay!
Болыстар неше ауылдан тұрды және оған неше үй кірді?
Болыстарға 1000–2000 (кейде 3000) үй кірді, әр ауыл 100–200 үйден тұрды.
Oops!
Okay!
Щербина экспедициясының басты мақсаты не болды?
Қазақтардан тартып алуға болатын «бос жатқан» жерлердің көлемін анықтау.
Oops!
Okay!
Түркістан генерал-губернаторлығының басшысына қандай ерекше құқық берілді?
Көрші мемлекеттермен тікелей келіссөздер жүргізу құқығы.
Oops!
Okay!
Билер соты неше сатыдан тұрды?
Үш сатыдан: жеке билер соты, болыстық сиез, билердің төтенше сиезі.
Oops!
Okay!
Сырдария облысында билер соты қалай аталды?
Қазылар соты.
Oops!
Okay!
1867–1868 жылдардағы реформаның басты зардабы қандай болды?
Қазақ жерлері мемлекет меншігіне өтіп, жаппай қоныстандыру саясаты мен отарлаудың күшеюіне әкелді.
Oops!
Okay!
1822–1824 жылдардағы реформалардың басты салдары қандай болды?
Орта және Кіші жүзде хандық билік жойылып, өлке Ресейдің отарлауына толық жол ашты.
Oops!
Okay!
1868 жылы 21 қазанда қандай облыстарды басқару туралы «Уақытша ереже» бекітілді?
Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарын.
Oops!
Okay!
Сырдария облысындағы отырықшы ауылдарда әкімшілік билікті кімдер жүргізді?
Ақсақалдар
Oops!
Okay!
Транссібір теміржолының салынуы қазақтардың қанша жерін тартып алуға жол берді?
4,2 миллион десятина жер.
Oops!
Okay!
1867 жылғы ереже бойынша қазақ жерлері кімнің меншігі болып жарияланды?
Мемлекеттік меншік болып танылды.
Oops!
Okay!
Маңғыстау приставтығы 1870 жылы қай әскери округке бағынды?
Кавказ әскери округіне.
Oops!
Okay!
1867–1868 жылдардағы реформа бойынша әкімшілік бөлініс қалай аталды?
Генерал-губернаторлық – облыс – уезд – болыс – ауыл.
Oops!
Okay!
Болыс меңгерушілері мен ауыл старшындары қанша уақытқа сайланды?
Әрбір үш жылда сайланып отырды.
Oops!
Okay!
Your experience on this site will be improved by allowing cookies.
Allow cookies