Тәрбие шарасы дегеніміз не? (Н.Е. Щуркова бойынша)
Тәрбие ісі – тәрбие процесінде нақты іс-әрекетті ұйымдастыру формасы.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы қашан және не үшін ұйымдастырылады?
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылады және балалардың әлеуметтенуіне жағдай жасауға бағытталады
Тәрбиелік қарым-қатынас дегеніміз не? Тәрбиелік қарым-қатынас – тәрбие
Тәрбиелік қарым-қатынас – тәрбие барысында қалыптасатын, рухани-адамгершілікке бағытталған адамдар арасындағы өзара әрекеттесу.
Сабақтан тыс жұмыс қандай рөл атқарады?
Сабақтан тыс жұмыс – мектептің оқу-тәрбие процесінің құрамдас бөлігі және оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың бір бағыты.
Тәрбие жүйесі дегеніміз не?
Тәрбие жүйесі – мақсаттар, ұжымдық қатынастар, шығармашылық істер және тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары мен тәсілдерінің өзара тығыз байланысты жиынтығы.
Тәрбие жұмысы қандай процесс болып табылады?
Тәрбие жұмысы – үлкендер мен балалардың бірлескен өмір сүру және әрекет ету процесі.
Тәрбие жұмысының формасы нені қамтиды?
Тәрбие жұмысының формасы оқушылардың тәрбие әрекетін ұйымдастыру жолдарын, үлкендермен өзара байланысын, іс-шараның мазмұнын, құрылымын, өткізу және талдау техн
Тәрбие жұмысының негізгі мақсаты қандай?
Тәрбие жұмысының негізгі мақсаты – тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасау.
Your experience on this site will be improved by allowing cookies.