Word-та кесте (таблица) кірістіру үшін қандай қадамдарды орындау керек?
"Кірістіру" (Insert) қойындысына өтіп, "Кесте" (Table) функциясын таңдау қажет.
Word құжаттарының негізгі кеңейтімі (форматы) қандай?
Қазіргі Word нұсқаларында негізгі кеңейтім – .docx (ал ескі нұсқаларында .doc болды).
Соңғы орындалған әрекетті болдырмау (кері қайтару) үшін қандай пернелер комбинациясы қолданылады?
Ctrl + Z (Undo) пернелер комбинациясы.
Microsoft Word дегеніміз не және оның негізгі қызметі қандай?
бұл Microsoft Office пакетіне кіретін, мәтіндік құжаттарды құруға, өңдеуге, пішімдеуге және басып шығаруға арналған мәтіндік редактор (немесе процессор).
Құжаттағы мәтіннің шрифтін, өлшемін және түсін өзгертуге болатын негізгі қойынды қалай аталады?
Бұл функциялар негізінен "Басты" (Home) қойындысында орналасқан.
Your experience on this site will be improved by allowing cookies.