ХІХ ғасырдың 40 жылдарында қазақтардан Қарағанды көмір кен орындарын, Успенск мыс кеніштерін өте арзан бағаға кімдер сатып алды:
Н. Ушаков, А.Рязанов
Біздің заманның шегінде юэчжилер қай жерде Кушан паташлығын құрды:
Бактрияда
"Шоқан Уалиханов шығыстану ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де жоқ болды" деп жазды:
Веселовский
Ол өзінің отаршыл үкіметке қарсылығы үшін "қырдағы қауіпті адам" ретінде сотталып, Тобыл қаласына жер аударылды:
Жаяу Мұса
Петербургте "Ресей. Біздің өлкенің толық географиялық сипаттамасы" деген жалпы атаумен 18 томдық жинақ қай жылы шықты:
1903 жылы
Патшалық Ресейдегі революциялық жағдайдың асқынуы дәлелдеген оқиға:
1916 жылғы Орта Азиядағы көтерілістер
Үгедей ұлысына Қазақстан аумағының қай бөлігі өтті:
Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі
VII-VIII ғасырларда салынған, терракота қалақшалармен әсем безендірілген күмбезді ғимарат:
Сырлытам кесенесі
ІІ Бүкілқазақтық съездегі негізгі мәселе:
Қазақ автономиясын құрау
Көшпелі және жартылай көшпелі маршаруашылығы, егіншілік, кооперациялық қозғалыс және т.б. қатысты мәселелерді қозғаған газет:
"Қазақ" газеті
Қоғамында әйелдердің орны жоғары болған тайпа:
Сарматтар
Қасиетті жорық барысында Оңтүстік Қазақстанда исламды таратудың орталығына айналған қала:
Испиджаб
Генерал өзінің осы әрекетімен Ресейдің қол астына жаңадан қараған халықтың арасында үрей туғызуды, оларға орыс қаруының күшіне "құрмет" білдіруді үйретпек болды:
Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зеңбірекпен атқылау арқылы
Баспаналарыдағы қабырғаларға ет сақтайтын орындарын ойып жасаған мәдениет:
Ботайлықтар
Кімнің айтуынша қатағандықтар Тұрсын ханның тірегі болған:
Әбілғазы
Оғыз мемлекетінің көшпелі даласы қай өңірлермен тығыз қарым-қатынас жасады:
Мәуереннахр мен Жетісу
М. Дулатовтың "Бақытсыз Жамал" романында көтерілген мәселелер:
Әйел теңсіздігі, олардың қалыңмалға сатылуы
Алдыңғы Азия мен Инд өзені аңғарындағы өркениеттермен байланыс орнатты:
Маргуштықтар
XVIII ғасырдың 50-жылдарында жоңғарлардан азат етілген жерлерге қазақтардың қайта оралуын кім басқарды:
Ақтамберді жырау
Жетісу аймағында қалыптасқан ең алғашқы одақ:
Үйсін
Your experience on this site will be improved by allowing cookies.