Ол зерттеушінің тікелей байқауынсыз-ақ жанама түрде нақты жазбаша деректер арқылы ақпарат жинауға мүмкіндік береді
Мектеп құжаттарымен танысу әдісі педагогикалық зерттеу жүйесінің қай тобына жатады?
Ол педагогикалық зерттеу әдістерінің эмпирикалық, яғни тәжірибелік тобына жатады
Мектеп құжаттарымен танысу әдісІ қандай міндеттерді шешеді?
Ол оқу процесінің жүйелілігін, оқушылардың үлгерімі мен тәртібін, мұғалімдердің әдістемелік жұмысын және мектептің жалпы даму бағытын талдайды.
Мектеп құжаттарымен танысу әдісінің педагогикадағы рөлі қандай?
Ол оқу мен тәрбиелеу процесін дәлелдермен сипаттап, білім сапасын объективті бағалауға және педагогикалық тәжірибені жетілдіруге мүмкіндік береді.
Құжаттарды зерттеу педагогикалық диагностикада қандай рөл атқарады?
Ол оқушылардың даму динамикасын, мұғалім еңбегінің жүйелілігін және мектептің жалпы даму бағытын бағалауға мүмкіндік береді.
Мектеп құжаттарымен танысу әдісі дегеніміз не?
Мектеп құжаттарымен танысу әдісі бұл педагогикалық зерттеудің жанама әдісі, ол арқылы зерттеуші оқу-тәрбие процесі туралы нақты ақпаратты ресми мектеп құжаттары
Бұл әдістің негізгі мақсаты қандай?
Негізгі мақсаты педагогикалық үдерістің шынайы жай-күйін анықтап, оқыту мен тәрбиелеудің нәтижелерін бағалау.
Бұл әдіс неше сатыдан тұрады және олар қалай аталады?
Үш сатыдан тұрады: дайындық, негізгі және қорытынды кезеңдер
Мектеп құжаттары қандай үш негізгі топқа бөлінеді?
1. Оқушыларға қатысты құжаттар, 2. Мұғалімдер мен оқу процесіне қатысты құжаттар, 3. Мектептің жалпы мдастырушылық құжаттары.
Your experience on this site will be improved by allowing cookies.