Study

Электростатика

  •   0%
  •  0     0     0

  • Электрлену дегеніміз не?
    Денелердің электрон беріп немесе қабылдап, зарядталу құбылысы.
  • Қай жалғауда бір шам күйсе, қалғаны өшпейді?
    Параллель жалғауда
  • Тізбектей жалғаудың негізгі кемшілігі қандай?
    Бір элемент істен шықса, бәрі тоқтайды
  • Параллель қосуда қандай шамалар тұрақты болады?
    Кернеу тұрақты болады: 𝑈 = 𝑈 1 = 𝑈 2 . Токтар мен өткізгіштіктер қосылады
  • Параллель жалғау дегеніміз не?
    Өткізгіштер ортақ екі нүктеге жалғанады.
  • Үйде параллель жалғау қолданылады, себебі
    құрылғылар бір-біріне тәуелсіз жұмыс істейді.
  • Электр зарядтарының екі түрі бар. Олар қандай?
    Оң және теріс заряд.
  • Тізбектей қосуда қандай шамалар тұрақты болады?
    Ток күші тұрақты болады: 𝐼 = 𝐼 1 = 𝐼 2. Кернеулер мен кедергілер қосылады.
  • Ток күшінің анықтамасы мен формуласы?
    Уақыт бірлігінде өткізгіш қимасынан өтетін заряд мөлшері. 𝐼 = 𝑞/𝑡
  • Электр заряды дегеніміз не? Өлшем бірлігі?
    Денелердің электрлену қасиетін сипаттайтын физикалық шама. Өлшем бірлігі – Кулон (Кл).
  • Тізбектей жалғау дегеніміз не?
    Өткізгіштер бірінің артынан бірі жалғанады.
  • Бір аттас зарядтар мен әр аттас зарядтар қалай әсерлеседі?
    Бір аттас зарядтар тебіледі, әр аттас зарядтар тартылады.
  • Электр өрісі деген не?
    Зарядталған денелердің айналасында пайда болатын ерекше материя, ол басқа зарядтарға әсер етеді.