Study

Ақпараттық қауіпсіздік

  •   0%
  •  0     0     0

  • Құпия сөз (пароль) неліктен маңызды?
    Құпия сөз — жеке ақпаратты немесе жүйеге кіруді қорғаудың ең қарапайым әрі тиімді тәсілі
  • Ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі мақсаттары қандай?
    Құпиялылық (Confidentiality) – ақпаратты тек рұқсат етілген адамдар ғана білуі. Бүтіндік (Integrity) – ақпарат өзгеріссіз және дұрыс күйде сақталуы. Қолжетімд
  • Фишинг дегеніміз не?
    Фишинг — жалған сайттар немесе хаттар арқылы пайдаланушының жеке мәліметін (логин, пароль, банк деректері) алдау жолымен ұрлау.
  • Компьютерлік вирус дегеніміз не?
    Компьютерлік вирус — өздігінен көбейіп, басқа файлдарға немесе жүйеге зиян келтіретін бағдарлама.
  • Вирустардан қорғанудың қандай тәсілдері бар?
    Антивирус орнату және үнемі жаңартып отыру. Бейтаныс файлдарды ашпау. Интернеттен тек сенімді дереккөздерден жүктеу.
  • Ақпараттық қауіпсіздік дегеніміз не?
    Ақпараттық қауіпсіздік — ақпаратты рұқсатсыз кіруден, өзгертілуден, жойылудан немесе таратылудан қорғау.
  • Құпия сөзді қалай дұрыс жасау керек?
    Кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Үлкен және кіші әріптер, сандар, және таңбалар болуы тиіс. Өз атыңызды немесе туған күніңізді қолданбаңыз.
  • Ақпараттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін факторлар қандай?
    Вирус, хакерлік шабуыл, фишинг, спам, зиянды бағдарламалар, рұқсатсыз кіру.