Бұлттық технологиялардың қазіргі замандағы маңызы неде?
Бүгінгі таңда бұлттық технологиялар ұйымдар мен жеке адамдарға ақпаратты сақтау, өңдеу және бөлісу жұмыстарын оңайлатты.
Бұлттық деректер орталығы (Data Center) дегеніміз не?
Бұл – көптеген серверлер мен сақтау жүйелерінен тұратын ғимарат, онда мыңдаған пайдаланушының деректері сақталады.
SaaS (Software as a Service) қандай қызмет түрін білдіреді?
SaaS – дайын бағдарламалық қамтамасыз етуді интернет арқылы пайдалануға мүмкіндік береді. Пайдаланушы ешнәрсе орнатпай, браузер арқылы қолданады. Мысалы: Gmail
IaaS, PaaS және SaaS арасындағы негізгі айырмашылық неде?
Бұлттық технологиялардың негізгі артықшылықтары қандай және олар не үшін тиімді?
Икемділік: Ресурстарды қалаған уақытта көбейтуге немесе азайтуға болады. Шығынды азайту: Қымбат сервер, жабдық сатып алудың қажеті жоқ
Google аккаунтын қалай ашады?
Аккаунт ашу үшін интернет байланысы, құрылғы (телефон немесе компьютер), аты-жөні, туған жылы және жарамды телефон нөмірі қажет. Кейде электронды пошта растауы
Пайдаланушылар бұлттық қызметтерге қалай қосылады?
Интернет арқылы веб-интерфейс, қосымша немесе API көмегімен қосылады. Мысалы, Google Drive немесе Dropbox қолданушы тіркелгісі арқылы сервермен байланысады.
PaaS (Platform as a Service) моделі не үшін қолданылады?
PaaS – әзірлеушілерге дайын платформа мен құралдар ұсынатын бұлт қызметі. Бағдарлама жасау, сынау және орналастыру процесін жеңілдетеді.Мысалы: GoogleAppEngine
Бұлттық есептеудің жұмыс істеу принципі қандай?
Пайдаланушы өз құрылғысында бағдарламаны орнатпайды — барлық есептеу, сақтау және өңдеу операциялары провайдердің серверінде орындалады.
IaaS (Infrastructure as a Service) дегеніміз не?
IaaS – инфрақұрылымдық қызмет ретінде ұсынылатын бұлт моделі. Ол серверлерді, сақтау жүйелерін және желілік ресурстарды интернет арқылы жалға береді.
Бұлттық технологияны қолданудың экономикалық тиімділігі неде?
Компаниялар сервер сатып алмайды, тек қолданған ресурстары үшін төлейді. Энергия, қызмет көрсету және техникалық мамандарға кететін шығын азаяды.
Неліктен ұйымдар ашық бұлтты таңдауы мүмкін, егер онда қауіпсіздік деңгейі төмен болса?
Өйткені ашық бұлт арзан, икемді және масштабтауға оңай. Көптеген ұйымдар құпия емес ақпаратты ашық бұлтта сақтайды
Бұлттық қызметтерді кім басқарады және бақылайды?
Негізінен бұл жұмысты бұлттық провайдерлер (мысалы, Amazon, Microsoft, Google) атқарады. Олар серверлердің тұрақты жұмысын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Бұлттық технологиялардың дәстүрлі серверлерден айырмашылығы неде?
Дәстүрлі серверлер физикалық түрде ұйым ішінде орнатылады, ал бұлттық серверлер интернет арқылы қолжетімді қашықтағы деректер орталықтарында орналасады.
SaaS үлгісінің бизнеске пайдасы қандай?
SaaS компанияларға бағдарламаларды тез енгізуге, жаңартуларды автоматты алуға және техникалық қолдауға шығынданбауға мүмкіндік береді.
Google Meet не үшін қолданылады?
Google Meet — бейнеконференциялар мен онлайн кездесулер өткізуге арналған құрал. Ол арқылы оқушылар мен мұғалімдер немесе қызметкерлер қашықтан байланысу
Ашық және жабық бұлт арасындағы таңдауда басты факторлар қандай?
Қауіпсіздік деңгейі (құпия ақпарат бар ма?). Бюджет (жабық бұлт қымбат). Қызмет түрі (жоғары жылдамдық қажет пе?)
Google аккаунтына телефон нөмірін не үшін қосады?
Телефон нөмірі — аккаунт қауіпсіздігін арттыру үшін қажет. Ол арқылы кіруді растау, пароль ұмытып қалғанда қалпына келтіру және екі қадамды тексеру жүргізіледі.
Гибридті (аралас) бұлттың қолдану мысалы қандай?
банк жүйесінде: • Жабық бұлтта клиенттердің жеке деректері, қаржы есептері сақталады. • Ашық бұлтта веб-қызметтер мен клиенттік интерфейс орналастырылады.
Қоғамдық (public), жеке (private) және гибридті (hybrid) бұлттардың айырмашылығы қандай?
Қоғамдық бұлт: Барлық пайдаланушыға ортақ (мысалы, Google Cloud).Жеке бұлт: Тек бір ұйымға арналған жабық жүйе.
Google Drive қандай мүмкіндік береді?
Google Drive — бұлттық сақтау қызметі. Пайдаланушылар құжаттарды, суреттерді, бейнелерді және басқа файлдарды онлайн сақтау, басқалармен бөлісу және редакциялау
Google аккаунтын жоюға бола ма жане калай
Иә, болады. Пайдаланушы Google Account settings → Data & Privacy → Delete your account бөлімі арқылы аккаунтты толығымен өшіре алады.
Бұлттық технологияның ашық түрі кибершабуылдарға қалай қарсы тұрады?
Ашық бұлт провайдерлері заманауи қауіпсіздік шараларын қолданады: • деректерді шифрлау (encryption), • екі факторлы аутентификация
Google аккаунты дегеніміз не?
Google аккаунты — бұл пайдаланушының Gmail, YouTube, Google Drive, Google Meet және басқа Google қызметтерін пайдалануына мүмкіндік беретін бірыңғай тіркелгі.
Болашақта ашық және жабық бұлттар қалай дамуы мүмкін?
Болашақта көптеген ұйымдар гибридті бұлтқа көшеді — онда құпия деректер жабық ортада сақталып, ал қосымша қызметтер ашық бұлтта орындалады.
Your experience on this site will be improved by allowing cookies.