Қазақстан экономикасына инвестиция көп түсетін сала қайсы?
Мұнай-газ секторы сондай-ақ тау-кен өндірісі, энергетика, кейінгі жылдары өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы.
Тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) дегеніміз не?
Шетелдік инвесторлардың кәсіпорынға ұзақ мерзімді капитал салуы, басқаруға қатысу құқығымен бірге.
Қазақстандағы «инвестициялық преференциялар» нені білдіреді?
Инвесторларға берілетін жеңілдіктер
Қазақстанда инвестициялық саясатты үйлестіретін негізгі орган?
ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы «Kazakh Invest» ҰК АҚ.
Инвестициялық климат дегеніміз не?
Елдің экономикасына капитал тарту мүмкіндігін анықтайтын құқықтық, саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайлардың жиынтығы.
Қазақстанға шетелдік инвестиция тартудың негізгі артықшылықтары қандай?
Жаңа технология мен ноу-хауды енгізу; Жаңа жұмыс орындарын ашу; Экономиканы әртараптандыру; Экспорттық әлеуетті арттыру
Инвестицияның негізгі түрлерін атаңыз
Тікелей инвестициялар; Портфельдік инвестициялар; Қаржылық (қысқа мерзімді) инвестициялар; Материалдық және материалдық емес активтерге салынатын инвестициялар
Инвестициялық климаттың негізгі көрсеткіштері қандай?
Саяси тұрақтылық, заңнамалық база, салықтық жеңілдіктер, инфрақұрылым дамуы.
Инвестиция дегеніміз не?
пайда табу немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізу мақсатында капиталды (қаржы, мүлік, интеллектуалды ресурстар) ұзақ мерзімді жобаларға салу.