Study

Ммгмгм

  •   0%
  •  0     0     0

  • Сенің ойыңша, ЖИ шешім қабылдауда адамдардың орнын алмастыруы дұрыс па? Неліктен?
    Толық алмастыру дұрыс емес. Себебі ЖИ адам эмоциясын түсінбейді және кейде әділетсіз шешім қабылдауы мүмкін. Адам әрқашан бақылаушы болуы керек.
  • Жасанды интеллектті қолдануда жеке деректерді қорғаудың маңызы неде?
    Жеке деректер дұрыс қорғалмаса, оларды үшінші тұлғалар пайдаланып, алаяқтық жасауы мүмкін. Сондықтан ЖИ-ді қауіпсіз ету – маңызды міндет.
  • Этикалық ЖИ деген ұғымды түсіндір және оған мысал келтір.
    Этикалық ЖИ – адам құқықтары мен моральға сай әрекет ететін жүйе. Мысалы, диагноз қойған ЖИ шешімін міндетті түрде дәрігер тексереді.
  • Медицинада ЖИ қолданудың әлеумет үшін пайдасы мен қаупі қандай?
    Пайдасы – ауруларды ерте анықтау. Қауіп – ЖИ қатесін дер кезінде байқамау, жауапкершіліктің болмауы.
  • Жасанды интеллекттің еңбек нарығына қандай әсері бар?
    ЖИ көптеген салаларда адам еңбегін алмастыруда. Мысалы, зауыттарда роботтар жұмыс істеп, адамдардың орнын басуда. Бұл жұмыссыздықты арттыруы мүмкін.
  • Сенің ойыңша, жасанды интеллектті қоғамда қауіпсіз қолдану үшін қандай ережелер қажет?
    Өз жауабы
  • ЖИ-дің қоғамдағы әділдік принциптеріне әсері қандай болуы мүмкін?
    Егер ЖИ-дің алгоритмі дұрыс құрылмаса, белгілі бір топтарға әділетсіз шешім шығаруы мүмкін. Мысалы, жұмысқа қабылдауда тек белгілі бір ұлтқа басымдық беру.
  • Цифрлық теңсіздік деген не? Ол қоғамда қандай мәселелер туғызуы мүмкін?
    Цифрлық теңсіздік – барлық адамдардың технологияға бірдей қол жеткізбеуі. Бұл ауыл мен қала арасындағы білім деңгейінің айырмашылығына алып келуі мүмкін.
  • ЖИ технологиялары қандай топтар үшін артықшылық не керісінше, кемшілік әкелуі мүмкін?
    Артықшылық – IT мамандарына. Кемшілік – технологияға қол жеткізе алмайтын ауыл тұрғындарына, қарт адамдарға.
  • Жасанды интеллекттің білім беру саласындағы оң және теріс жақтарын ата.
    Оң жағы – оқушының деңгейіне сай тапсырма беру, дербес оқыту. Теріс жағы – мұғаліммен байланыс азайып, оқушы жалқаулыққа салынып кетуі мүмкін.