Study

мем жанжал

  •   0%
  •  0     0     0

  • Қандай халықаралық ұйымдар Қазақстанның мемлекеттік қызметін жетілдіруге көмектеседі?
    БҰҰ, ЭЫДҰ (OECD), Дүниежүзілік банк
  • Қазақстанда мемлекеттік қызметті реттейтін негізгі заң қалай аталады?
    «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңы
  • Мемлекеттік қызмет саласында кадр тұрақсыздығының негізгі себебі қандай?
    Жалақының төмендігі мен мансаптық өсудің шектеулі болуы
  • Мемлекеттік қызметтің негізгі мәселелерінің бірі қандай?
    Жемқорлық деңгейінің жоғары болуы, психологиялық тұрақсыздық, бюрократия
  • Мемлекеттік қызметтің тартымдылығын төмендететін негізгі факторлар қандай?
    Төмен жалақы, бюрократия, мансаптық өсу мүмкіндігінің шектеулігі
  • Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлерді іріктеуде қандай негізгі әдіс қолданылады?
    Конкурстық іріктеу (ашық байқау)
  • Адал әрі тиімді мемлекеттік қызмет қалыптастыру үшін қандай шаралар қажет?
    Жалақыны көтеру, кадрларды оқыту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылауды күшейту
  • Мемлекеттік қызмет жүйесін дамытудың әлемдік үздік тәжірибесі қандай елдерде байқалады?
    Сингапур, Канада, Ұлыбритания, Швеция
  • Қазіргі кезде Қазақстанда мемлекеттік қызметті реформалаудың басты бағыты қандай?
    Цифрландыру және бюрократияны азайту
  • ҚР-да мемлекеттік қызметкерлердің санын қысқарту бойынша қандай реформалар қабылданды?
    2020 жылы басталған мемлекеттік аппаратты оңтайландыру реформасы
  • Мемлекеттік қызметкерлерді бағалау жүйесінде қандай көрсеткіштер ескеріледі?
    Кәсіби біліктілік, қызмет сапасы, азаматтардың пікірлері
  • Мемлекеттік қызметтің қандай негізгі қағидаттары бар? (кемінде 3 атаңыз)
    Меритократия, заңдылық, ашықтық, жауапкершілік, тиімділік