Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі дегеніміз не?
бұл мемлекеттік қаржы жүйесінің негізі болып табылатын және мемлекеттік кірістер мен шығыстарды жоспарлау, бөлу және атқару механизмін қамтитын жүйе.
Бюджеттің шығыстары қандай мақсаттарға жұмсалады?
Бюджет шығыстары әлеуметтік қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, білім беру, қорғаныс, қоғамдық тәртіп, инфрақұрылым және мемлекеттік басқару салаларын қаржыландыр
ҚР бюджет жүйесі қандай деңгейлерден тұрады?
республикалық бюджет, облыстық және аудандық (қалалық) бюджеттер
Бюджет кодексінің рөлі қандай?
мемлекеттік қаржы жүйесінің құқықтық негізін айқындайтын және бюджет процесін реттейтін негізгі заң.
Бюджет тапшылығы дегеніміз не?
мемлекеттік шығыстардың кірістерден асып кетуін білдіреді.
Жергілікті бюджет дегеніміз не?
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, сондай-ақ аудандардың (қалалардың) әлеуметтік-экономикалық дамуын қаржыландыруға арналған бюдже
Бюджет профициті дегеніміз не?
мемлекеттік кірістердің шығыстардан асып түсуі.
Республикалық бюджет дегеніміз не?
бұл мемлекеттік бағдарламалар мен жалпыұлттық маңызы бар шығыстарды қаржыландыруға арналған орталықтандырылған бюджет.
Бюджеттің кіріс көздеріне не жатады?
Бюджеттің кіріс көздеріне салықтық және салықтық емес түсімдер, трансферттер мен ресми гранттар жатады.
Қазақстанда бюджетті кім қалыптастырып және бекітеді?
ҚР Үкіметі қалыптастырып, Парламент бекітеді
Your experience on this site will be improved by allowing cookies.