Study

ХІХ ғ. ІІ жарт. Қазақстанда ...

  •   0%
  •  0     0     0

  • Реформа бойынша Түркістан генерал-губернаторлығы қандай облыстардан тұрады?
    Сырдария мен Жетісу
  • 1868 жылы ІІ Александр қандай Ережені бекітті?
    Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы уақытша Ережені
  • Реформа бойынша Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы қандай облыстардан тұрады?
    Ақмола және Семей
  • Ақмола, Көкшетау, Петропавл, Омбы, Атбасар уездері қандай облыстың құрамына кірді?
    Ақмола
  • Реформа бойынша Семей облысы қандай уездерден тұрды?
    Павлодар, Семей, Қарқаралы, Өскемен және т.б
  • Реформаның барысында қандай жағымды жаңалықтар да енгізілді?
    Қалалар тұрғызылып, теміржолдар салына бастады; білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің қатары артты;
  • Болыстар мен ауыл старшындары қанша жылға сайланды?
    3 жыл
  • Болыс пен ауыл старшындарын сайлау кезінде қандай келеңсіз қылықтар орын алды?
    Билік үшін талас: қызметті сатып алу, қорқыту, күш көрсету мен жала жабу
  • Қандай генерал-губернаторлықтың басшысы көрші мемлекеттермен Қытай және Иранмен тікелей келіссөз жүргізу құқығы бар болды?
    Түркістан генерал-губернаторлығы
  • Реформа бойынша ауыртпалықтар мен салықтардан босатылған саяси топ?
    Сұлтандар
  • Реформа бойынша Қазақстанның бүкіл аумағына енгізілген салық қалай аталады?
    "Түтін" салығы
  • Реформа бойынша денсаулық сақтау ісінде қандай өзгерістер орын алды?
    Әрбір облыс пен уезде бір дәрігер мен акушер-кіндік шеше тағайындалды; шешекке қарсы екпе жүргізілді; науқас адамдарға көмек пен тегін дәрі-дәрмек көрсетілді
  • ІІ Александр «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ережеге» қашан қол қойды
    1867 жылы
  • Реформа бойынша патша үкіметінің меншігіне не өтті?
    қазақтың жері
  • Реформа бойынша Орынбор генерал-губернаторлығы қандай облыстардан тұрады?
    Орал және Торғай
  • Реформа бойынша әкімшілік бөлініс қандай бірліктерден тұрды?
    Генерал-губернаторлық-облыс-уезд-болыс-ауыл
  • Қазақтардың атамекенінен қуылып, жерсіз қалуына не себеп болды?
    Ресейден орыс шаруаларының қоныс аударуы
  • Генерал-губернаторлықтың қолында қандай билік болды?
    Әскери және азаматтық билік
  • "Түтін салығының" көлемі қанша болды?
    Орынбор және Батыс Сібірде - 3 сом, ал Түркістанда- 2 сом 75 тиын
  • Реформа нәтижесінде басқару жүйесінің орта және жоғары буынынан кімдер ығыстырылып шығарылды?
    Сұлтандар
  • 1867-1868 жылғы реформаларға сәйкес, Қазақстанда қандай генерал-губернаторлықтар құрылды?
    Орынбор, Батыс-Сібір, Түркістан
  • Ішкі Орда (Бөкей ордасы) қандай губерния құрамына қосылды?
    Астрахан губерниясы