Заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы.Сұрақтары: қанша? неше? нешеу? нешінші?
Жалқы есім деген не?
Жалқы есімдер деп белгілі бір ғана затты арнай, даралай атайтын зат есімдерді атаймыз. Мысалы: кісі аттары (Асқар, Арлан, Ағыбай т. б.)
Сөз таптары дегеніміз не?
Сөз табы деп жалпы лексика-грамматикалық сипаттары мен белгілері бәріне бірдей ортақ болып келетін сөздердің тобын атаймыз.
Зат есім дегеніміз не
Зат есім – заттың, құбылыстың атауы болатын, заттың атын білдіретін сөздер. Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер?
Сын есім дегеніміз не?
Заттың түрін, түсін, сапасын, белгісін, күйін, салмағын, көлемін, иісін т. б. қасиеттерін білдіретін сөздер.Сұрағы – қандай? қай?
Етістік дегеніміз не?
Етістік — заттың іс-әрекетін, қимылын білдіретін сөз табы.
Жалпы есім деген не?
Жалпы есімдер деп тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдер аталады. Мысалы: ағаш, ат, ас, арал, арба, бас, бала, ақыл.
Your experience on this site will be improved by allowing cookies.