Екі өткізгіштің арасында қатты диэлектриктің болуы жүйенің электрсыйымдылығын кемітеді.
Жоқ
Оқшауланған өткізгіш шардың электрсыйымдылығы оның радиусына тура пропорционал
Иә
Тізбектей жалғанған конденсаторлардың сыйымдылығы жекеленген конденсатор сыйымдылықтарының қосындысына тең
Жоқ
Фарад өте кіші шама, практикада электрсыйымдылықты көбіне макрофарадпен және гегафарадпен өлшейді
Жоқ
Конденсаторларды параллель жалғаған конденсаторлардың заряды тең болады
Жоқ
Өткізгіштің электрсыйымдылығы осы өткізгіштің потенциалын бір бірлікке арттыруға қажетті заряд мөлшерімен өлшенеді.
Иә
Өткізгіштің электрсыйымдылығы оған екінші зарядталмаған өткізгішті жақындатқанда артады
Иә
Жұқа диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіштен тұратын жүйе конденсатор деп аталады
Иә
1 Фарад дегеніміз – потенциалын 1 В-қа арттыру үшін 1Кл заряд керек болатын өткізгіштің электрсыйымдылығы.
Иә
Өткізгіштің потенциалы 1 В болу үшін оған қандай заряд беру қажеттігін көрсететін физикалық шама конденсатор деп аталады.
Жоқ
Екі пластинкадан тұратын жазық конденсатордың сыйымдылығы пластинканың ауданына, диэлектрлік өтімділік шамасына тура пропорционал және диэлектриктің қалыңдығына кері пропорционал.
Иә
Диэлектриктің диэлектрлік өтімділігі артқанда, жүйенің электрсыйымдылығы артады
Иә
Зерттеулер өткізгіштің электрсыйымдылығы өткізгіштің өлшемі мен пішініне және сыртқы жағдайларға тәуелі екенін көрсетеді
Иә
Жерден оқшауланған өткізгішті алып, оны басқа өткізгіштерге қатысты орнын өзгертпей электрлегенде, мұндай өткізгіштің зарядының өткізгіштің потенциалына кері пропорционал екенін көрсетеді.
Жоқ
Your experience on this site will be improved by allowing cookies.