Қамажай, Қабен, Омар, Тимур, Нәзила, Гауһар, Ермек, Кәмила, Сұлтан
Қамажайдың бауырлары неге байланысты тойға келмей қалды?
Әрқайсысы өмірден өз орындарын тауып, жұмыстарынан босай алмай қалды.
Нәзиланың құрбысы. Омарға ғашық. Ойын көтеретін ақкөңіл,адамгершілігі мол жан кім?
Гауһар
"Әпке" драмасындағы Омар қандай кейіпкер?
Ғалым, философ, көбіне ғылыми тілде сөйлейді, бірақ жаны ізгі жандардың бірі, сыпайы, адамгершілігі мол
"Мамуля, Кешір! Қазіргі түркі философиясының теориялық мәселелері бойынша Анкара қаласында өтетін халықаралық конференцияға шұғыл аттанып бара жатырмын" Кімнің сөзі?
Омардың сөзі
Шығармадағы Ермек қандай кейіпкер?
Қамажайдың інісі. Өте сүйкімді кейіпкер, үйінің кенжесі болып табылады
Қабеннің ұсынасына Қамажай қалай жауап берді?
Үйдегі төртеуі төрт азамат болмай, өз басымның қамын ойлауға хақым жоқ.
Д.Исабековтың драматургия саласындағы еңбектері?
"Әпке", "Ректордың қабылдау күндері", "Бонапарттың үйленуі", "Мұрагерлер", Мұңлық-Зарлық", т.б
Д.Исабековтың қай шығармалары бойынша көркем фильмдер түсірілген?
«Дермене», «Гауһар тас», «Тауқымет» шығармалары бойынша
"Әпке" драмасындағы Нәзила қандай кейіпкер?
Ерке, тік мінезді, тура сөзді. Ағылшын тілінен сабақ береді.
Шығарманың шешімі қай оқиғамен байланысты?
Қара шаңырақта Қамажай, Ермек және көршілердің ананың мерейтойын өткізуі