Study

Логикалық сұрақтар

  •   0%
  •  0     0     0

  • 16 дан 4ті неше рет азайтуға болады?
    1 рет,себебі одан кейін 12ден азайтасын
  • Ең алғаш картоп қайдан табылған?
    Жерден
  • Сағат түнгі 9-да жаңбыр жауып тұрса, 72 сағаттан кейін күннің жарқырауына мүмкіндік бар ма?
    Жоқ, өйткені 72 сағаттан кейін де түн болады.
  • Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе не?
    Өмір
  • Қандай зат өзіңізге тиесілі болса да, басқалар одан көп пайдаланады?
    Атыңыз.
  • Кім отырып жүреді?
    Шахматшы
  • Қай жерде жексенбі сенбіден бұрын келеді?
    Сөздікте
  • Арманның ауласына көршісінің ауласына қарағанда екі есе көп қар түседі. Неге?
    Арманның ауласының аумағы екі есе үлкен
  • Алма жегенде ішінен құрт көруден де жаман не болуы мүмкін?
    Құрттың жартысын көру
  • Бір адам ұшақтан секіріп, тірі қалды. Ол парашют қолданған жоқ. Бұл қалай мүмкін?
    Ұшақ жерде тұрған болатын.
  • Ақтөбеде біреу Өскеменде жоқ, Алматыда екеу Астанада көп? Ол не?
    “а” әрібі
  • Қай жерде 10+3 1-ге тең болады?
    Сағатта
  • Барлық санның қосындысы үлкен ба көбейтіндісі ма?
    қосындысы, себебі көбейтсе жауап 0ге тең болады
  • Жасыл адамды көргенде не істеу керек?
    Жүру қажет
  • Лимонның жартысы неге ұқсайды?
    Екінші жартысына
  • Мені ешкім түсінбейді, неге?
    Өйткені ол ешкі ғой
  • Екі әке және екі ұл балық аулауға барды. Олар үш балық ұстады, әрқайсысына бір балықтан тиді. Бұл қалай мүмкін?
    Олар үш адам: атасы, әкесі және ұлы.
  • Былтырғы жылғы қарды қайдан табуға болады?
    1 қаңтарда даладан
  • Сатып алғанда-қара.қолданғанда-қызыл,тастағанда-сұр?
    Көмір
  • Есікті ашу үшін не қажет?
    Есіктің жабық болуы қажет
  • Қарындашты жерге қойып,одан адамдардың секіруін сұрады. Бірақ ешкім одан секіре алмады. Неге?
    Сеебебі қарындаш еденде қабырғаға тіреліп тұрды