Study

Жанар Виртуалды шындық

  •   0%
  •  0     0     0

  • Балаларға VR көзілдіріктерін қолдану не үшін қауіпті?
    Көру-моторлы координацияның бұзылуына және тепе-теңдік қабілетінің әлсіреуіне әкелуі мүмкін.
  • VR көзілдірігінің медициналық тұрғыдан зияны қандай?
    Көздің бір нүктеге ұзақ уақыт шоғырлануы, көздің шаршауы, вестибулярлық жүйе проблемаларына әкелуі мүмкін.
  • Виртуалды тәуелді адам қандай әрекеттерімен ерекшеленеді?
    Компьютер алдында өткізген уақытын бақылай алмауы, жалған сөйлеуі, немен айналысқанын жасыруы, уақытын зая кетіруі.
  • Виртуалды тәуелділіктің белгілерінің бірі компьютер алдында өткізген уақытқа қатысты не істеу?
    Уақытты азайтуға уәде беріп, ол уәдесінде тұрмау.
  • Виртуалды тәуелділік қандай жағдайда пайда болады?
    Адамның виртуалды әлемге көп уақытын жұмсап, шынайы өмірден алыстауынан пайда болады.
  • Виртуалды ойындарға тәуелділік әсіресе қай жастағылар үшін қауіпті?
    Кәмелетке толмаған балалар үшін қауіпті.
  • Адамдар неге виртуалды әлемді шынайы өмірден жеңіл деп санайды?
    Себебі виртуалды әлемді бағындыру әлдеқайда жеңілірек.
  • Қазіргі кезде адамдар интернетті қандай мақсаттарда пайдаланады?
    Ақпарат іздеу және шынайы өмірден виртуалды әлемге өту үшін пайдаланады.
  • Виртуалды шындық құрылғыларын қолдануға кімдерге тыйым салынады?
    Жүкті әйелдерге, қарт адамдарға, жүрек-қантамыр аурулары бар, эпилепсиямен ауыратын және көру қабілеті бұзылған адамдарға.
  • Виртуалды тәуелділік қандай психикалық проблемаларға әкелуі мүмкін?
    Өз-өзіне деген бағаның төмендеуі, эмоционалдық сезімнің болмауы, агрессиялық әрекет, ұйқының бұзылуы, көздің шаршауы, әлеуметтік қатынастың шектелуі, жүйке жүйе