Study

А2 6апта 12

  •   0%
  •  0     0     0

  • Сен етті кіммен бірге асасың?
    Анаммен бірге.
  • Қазыны тұздағанда тұзды қалай салдың?
    Тұзды аз салуға тырыстым.
  • Қазы пісіргенде қандай мәселе болды?
    Қазының тұзы көп болып кетті.
  • Етті өз бетіңше қашан пісіріп көрдің?
    Бір апта бұрын.
  • Сіңлің неге көмектесе алмады?
    Өйткені ол жұмыстан өте кеш келді.
  • Ет пісірудің қандай жақтарын енді білдің?
    Етті пісіруді үйрену қиын емес екенін түсіндім
  • Неге ет пісіруге батылың бармайтын?
    Ет пісіру қиын деп ойлайтынмын.
  • Еттен басқа қандай тамақтарды жақсы пісіресің?
    Басқа тамақтарды дәмді пісіремін.
  • Өзің ет пісіруді үйрене аламын деп ойлайсың ба?
    Иә, үйреніп алуға болады екен.
  • Ыдыс жуудан кім көмектеседі деп ойладың?
    Сіңлім көмектеседі деп ойладым.
  • Анаң ет пісіруіңе қандай баға берді?
    Жақсы баға берді, сорпасын мақтады.
  • Анаң еттің сорпасы туралы не деді?
    «Сорпаның дәмі керемет екен» деп мақтады.
  • Етің жұмсақ болды ма?
    Иә, жұмсақ болды.
  • Сол кезде ыдысты кім жуды?
    Өзім жудым
  • Сіңліңнің жұмыстан кеш келетінін білдің бе?
    Жоқ, білмедім.