Study

Сұрақ жауап ойын

  •   0%
  •  0     0     0

  • Пассивті және белсенді инвестициялардың айырмашылығы неде?
    Пассивті: Инвестор жобаның күнделікті жұмысына араласпайды, тек табыс алады. Белсенді: Инвестор басқару процестеріне тікелей қатысады.
  • Кәсіпорын инвестициялық шешімдерді қабылдау кезінде қандай факторларды ескеруі керек?
    Табыстылық (ROI), тәуекел деңгейі, нарықтағы бәсекелестік жағдайы және жобаға қажетті капиталдың көлемі.
  • Тәуекелдерді қабылдаудың артықшылықтары қандай?
    - Қаржылық ресурстарды үнемдеу. - Инновацияларды жылдам енгізу.
  • Тәуекелдерді басқару стратегиялары қандай?
    1. Тәуекелді азайту. 2. Тәуекелден бас тарту. 3. Тәуекелді қабылдау. 4. Тәуекелді басқаға жүктеу.
  • Инвестициялық қызмет деген не?
    Ақшаны тиімді жобаларға салып, пайда табу процесі.
  • Сақтандыру тәуекелді басқаруда қалай көмектеседі?
    Сақтандыру қаржылық шығындарды азайтып, тәуекелдің салдарын жеңілдетуге мүмкіндік береді.
  • Ақша қаражаттарының бюджетін қалай құруға болады?
    Операциялық қызмет (күнделікті кірістер мен шығыстар), инвестициялық қызмет (активтерді сатып алу, сату) және қаржыландыру қызметі (қарыздар мен дивидендтер) бо
  • Қаржылық саясат дегеніміз не?
    Қаржылық саясат – кәсіпорынның қаржысын басқаруға арналған ережелер мен стратегиялар жиынтығы.
  • Кәсіпорын тәуекелдерді анықтау және бағалау үшін қандай әдістерді қолданады?
    SWOT-талдау, сценарийлерді модельдеу және стресс-тестілер.
  • Инвестицияның негізгі түрлерін атаңыз
    Тікелей инвестициялар: Нақты кәсіпорынға немесе жобаға капитал салу. Қаржылық инвестициялар: Акцияларға, облигацияларға және басқа қаржылық құралдарға ақша салу
  • Тәуекелдерді талдау дегеніміз не?
    Тәуекелдерді талдау – кәсіпорынға қауіп төндіретін жағдайларды анықтау және оларды бағалау процесі.
  • Ақша ағындарын басқару не үшін қажет?
    Кәсіпорын ақшасын тиімді пайдалануға және шығындарды бақылауға мүмкіндік береді.
  • Тәуекелдерге жауап беру деген не?
    Бұл тәуекел пайда болған жағдайда оны басқару немесе салдарын азайту шараларын қолдану процесі.
  • Қаржылық шығындарды қалай азайтуға болады?
    - Қажетсіз шығындарды азайту. - Сақтандыру шараларын қолдану. - Қаржылық жоспар құру.
  • Қандай тәуекел түрлері бар?
    - Сыртқы тәуекелдер: Экономикалық дағдарыс, заңдар өзгерісі. - Ішкі тәуекелдер: Қызметкерлердің қателігі, техниканың бұзылуы.
  • Қаржылық есеп берудің басты мақсаты қандай?
    Компанияның қаржылық жағдайын көрсетіп, серіктестер мен инвесторлар үшін ашықтықты қамтамасыз ету.
  • Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы жоспарында тәуекелдерді басқару қандай рөл атқарады?
    Дағдарысқа қарсы жоспарлау күтпеген жағдайларда қаржылық тұрақтылықты сақтауға көмектеседі. Бұл жоспар тәуекелдердің ықтимал әсерін азайтуға бағытталған.
  • Қаржылық жоспарлаудың негізгі кезеңдері қандай?
    1. Кірістер мен шығындарды есептеу. 2. Қажетті инвестицияларды анықтау. 3. Төлемдерді уақытында орындау.