Жауап: бұл геннің тұқым қуалайтын ақпараты ( ДНҚ нуклеотидтер тізбегі) функционалды өнімге - РНҚ немесе ақуызға айналатын процесс.
Полиаденилиден процесі ...
Жауап: 3' ұшынан поли (А) полимераза фрагментінің көмегімен полиаденил қышқылы жалғасуы.
Процессинг ...
а-РНҚ пісіп жетілуін қамтамасыз ететін реакциялар жиынтығын процессинг деп атайды.
Бактериялар жасушасында транскрипция жылдамдығы ...
Жауап: секундына 30-50 нуклеотид.
Элонгация ...
Жауап: тізбектің ұзаруы.
Метилдену ...
Жауап: метилденуі дегеніміз – нуклеотидтік тізбекке тиіспей, ДНҚ молекуласын өзгерту.
Интрондар ...
Жауап: РНҚ құрамында орналасқан ақпараты жоқ учаскелер.
Терминатор ...
Жауап: Транскрипцияны тоқтататын ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтер терминатор деп аталады.
Инициация ...
(синтездің басталуы) ДНҚ молекуласында транскрипция басталатын жерге жақын тұрған ДНҚ молекуласында нуклеотидтерімен, промотормен, РНҚ-полимеразаның байланысуы.
РНҚ полимераза ...
Жауап: Транскрипция процесін жүзеге асыратын фермент.
Трансляция ...
Жауап: матрицалық РНҚ-ғы ақпаратқа сәйкес цитоплазмадағы рибосомада ақуыздың синтезделуі.
Терминация ...
Жауап: синтездің аяқталуы.
Транскрипция ...
Жауап: ДНҚ молекуласындағы белгілі бір геннің мәліметі көшіріліп, арнай ақпараттық РНҚ- ның түзілуі.
Your experience on this site will be improved by allowing cookies.