Study

жұмбақтар

  •   0%
  •  0     0     0

  • Сәбиге сәнді үй, Әжеге ән-күй.
    (Бесік)
  • Белі бүкір,Алысқа түкір.
    (Мылтық)
  • Бес қаруы белінде,Самғап жүреді көгімде.
    (Бүркіт)
  • Жалғыз ғана көзі бар,Алтыннан белбеуі бар,Жыңғылдан таяғы бар.
    (Ұршық)
  • Төбедегі көзінен,Күн сәулесі түседі.Бұрышы жоқ төрінен,Самал еркін еседі.
    (Киіз үй)
  • Ұзын мойын, екі ішек,Қатар-қатар тепкішек.Басып көрсең бір-бірлеп,Үн шығады күмбірлеп.
    (Домбыра)
  • Белі қайқы,Жоны тайқы.
    (Қылыш)
  • Бас, құлақ, мойны бар,Үп-үлкен шанағы бар.Әндетіп шығар әні бар, Бұл аспап, қай аспап?
    (Қобыз)
  • Ішіне адам батпайды,Затыңды аман сақтайды.
    (Сандық)