Нейронды желіні құрайтын нейрондар типіне қарай қалай бөлінеді?
Біртекті және гибридті
Машиналық оқыту міндеттері нешеге бөлінеді?
Мұғаліммен оқыту және мұғалімсіз оқыту
Жасанды нейронды желі (ЖНЖ) дегеніміз не?
Жасанды нейронды желі – күрделі деректерді талдайтын, адам миын имитациялайтын және аппараттық және программалық тұрғыдан іске асыруға қабілетті модель
Кіріс қабатының қызметі қандай?
Кіріс қабаты– сигналдарды қабылдап, сол кіріс сигналдарын басқа нейрондарға бөліп беру.
Оқытушымен оқыту деген не?
Оқытушымен оқыту кезінде бізде бір нәрсені болжай алатын, қандай да бір шешім шығаруға көмектесетін мәлімет болады
Нейронды желілер дегеніміз не?
Нейронды желілер – бір-бірімен синапстар арқылы біріктірілген нейрондардың белгілі бір тізбегі.
Нейронды желіні неге ұқсатып жасаған?
Адамның миына
Машиналық оқыту дегеніміз не?
Машиналық оқыту – жасанды интеллектің бір тармағы. Машиналық оқыту принципі машиналар арқылы алынған деректер негізінде машиналарды оқытудан тұрады.
Нейронды желінің жұмыс істеу принципіне байланысты неше түрге бөлінеді?
4 түрге Бір қабатты нейронды желі.Көп қабатты нейронды желі.Тікелей тасымалдайтын немесе бір бағытты желілер.Кері байланысы бар немесе рекурентті желілер
Синапстар дегеніміз не?
Синапс – нейрондар арасындағы байланыс, олардың әрқайсысы өз кіріс салмағының дәрежесіне ие
Your experience on this site will be improved by allowing cookies.