Ерте жастағы шақтағы эмоциялық дамудың негізгі шарты неге байланысты?
Ең алдымен ересек адамның тұрақты, жылы және қауіпсіз қарым-қатынасына. Эмоциялық тұрақтылық ата-ананың назарымен, сөйлеуімен және дене байланысымен қалы
Ерте жастағы шақтың негізгі психофизиологиялық ерекшелігі неде?
Бұл кезеңде балада шартты рефлекстер қалыптасады, орталық жүйке жүйесі тез дамиды, сенсорлық қабылдау (көру, есту, иіс сезу) жетіледі.
Ерте жаста баланы тәрбиелеуде сенсорлық дамудың рөлі қандай?
Сенсорлық даму — болашақтағы ойлау мен сөйлеудің негізі. Түрлі пішіндер мен түстерді көру, дыбыстарды есту, сезіну ,қабылдау,салыстыру қабілеттері дамиды.
Баланың сөздік қоры неше сөз болады?
200-300 сөз.
2,5–3 айдан 5–6 айға дейінгі кезеңде қандай жаңа дағдылар қалыптасады?
Бала заттарға назар аударып, оларды көзбен қадағалайды; ересек адамның дауысын ажыратады; күлімсіреу және дыбыстық реакция (гуілдеу) пайда болады.
Бір жасқа дейінгі баланың дамуына не әсер етеді?
Отбасындағы жылы қарым-қатынас, тамақтану тәртібі, ұйқы мен серуеннің дұрыс ұйымдастырылуы, ойын мен сөйлесудің болуы.
Үшінші кезеңнің мерзімі мен ерекшелігі қандай?
Үшінші кезең — 5–6 айдан 9–10 айға дейін. Бала еңбектей бастайды, ойыншықтарға қызығады, дыбыстарды еліктеп айта бастайды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мазмұны қандай бағыттарды қамтиды?
Қоршаған ортамен танысу, сенсорлық даму, тіл дамыту, қимыл-қозғалыс және көркемдік-эстетикалық әрекеттер (сурет салу, музыка, саусақ ойындары) бағыттары.
Туғаннан 2,5–3 айға дейінгі кезеңнің тәрбиелік ерекшелігі неде?
Бұл кезеңде бала физиологиялық тұрғыда бейімделу кезеңін өтеді. Тәрбиеде режим сақтау, тамақтану мен ұйқының тұрақтылығы, жылы қарым-қатынас байланыс маңызды.
Тәрбиешінің немесе ата-ананың рөлі қандай?
Баланы қолдап, жылы сөз айтып, дұрыс бағыт беру; күн тәртібін сақтау мен даму әрекеттерін ұйымдастыру.
Екі жастағы баланың күн тәртібіне не кіреді?
Ұйқы (түнгі және күндізгі), тамақтану, серуен, ойын, гигиеналық күтім және ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері.
Бір жасқа дейінгі кезең неше бөлікке бөлінеді?
Туғаннан 1 жасқа дейінгі кезең 4 бөлікке бөлінеді.
Ерте жастағы шақ дегеніміз не?
Бұл адамға тән психикалық және физиологиялық процестердін тез қалыптасу кезеңі
Балалардың салмағы ай сайын қанша грамм қосады?
170-190 гр қосып,жалпы салмағы 12-13кг-дай болады.
Your experience on this site will be improved by allowing cookies.