Study

Санның модулі

  •   0%
  •  0     0     0

  • Қандай сандар бүтін сандар жиынын құрайды?
    Бүтін сандар жиыны натурал сандар, оған қарама-қарсы сандар және 0 саны құрайды.
  • Теріс санның модулі қандай санмен өрнектеледі? Мысал келтір
    оған қарама-қарсы санға тең: |-6|=6; |-4,1|=4,1
  • Қарама-қарсы сандар деп қандай сандарды айтады?
    бұл бір-бірінен тек таңбаларымен ажыратылатын сандар.
  • Оң санның модулі қандай санмен өрнектеледі? Мысал келтір
    сол санның өзіне тең: | 5,3|=5,3
  • Қандай санның модулі 0-ге тең?
    0 санының: | 0|=0
  • 0 санына қарама-қарсы қандай сан?
    0 саны
  • Қандай сандарды рационал сандар дейміз?
    Бүтін сандар, оң және теріс бөлшектер
  • Санның модулі деген не?
    координаталық түзудегі санды кескіндейтін нүктенің санақ басынан (бірлік кесіндімен алынған) қашықтығы