Study

Жұмбақ

  •   0%
  •  0     0     0

  • Белі бүкір, Алысқа түкір.
    (мылтық)
  • Сумен кірді ашады, Өзі судан қашады.
    (сабын)
  • Күнде оған қараймын, Қара шашым тараймын.
    Айна
  • Егіз қайың, Бой-бастары тең өскен. Іске дайын, Бұтақтары бес-бестен.
    (Қол)
  • Ойдың аяқталуын күтпейді, Оны қойсаң, сөйлем бітпейді.
    (Үтір)
  • Айбат шеккен алыстан Аң патшасы……
    (арыстан)
  • Иісшіл - ит емес, Ұшады -құс емес.
    (Шыбын)
  • Аяқтары бар, қолдары жоқ. Арқасы бар, басы жоқ.
    (Орындық)
  • Жаңбыр жауып басылды, Аспан шайдай ашылды. Қызыл,сары,жасылды, Көкте бір зат асылды.
    (кемпірқосақ)
  • Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады.
    (күн)
  • Далада жүр шапқылап Керемет бір саққұлақ.
    (қоян)
  • Қолы бар, Саусағы жоқ. Мойны бар, Басы жоқ.
    (көйлек)
  • Дәмін таттсаң –тәтті-ақ, Түсін көрсең- әппақ.
    (қант)
  • Қабат-қабат қаттама, Ақылың болса, аттама.
    кітап
  • Қиналып көтеріп, Өзінен ауырды. Жорғалап кетеді, Жүкшідей кәдімгі.
    (құмырсқа)
  • Сырты жасыл қатты, Іші қызыл тәтті.
    (қарбыз)
  • Орманда- тұрағы Тоқ-тоқ етіп тұрады.
    Тоқылдақ
  • Ұзын мойны, Екі ішек, Қатар-қатар тепкішек. Басып көрсең бір-бірлеп, Үн шығады күмбірлеп.
    (домбыра)