Халықтың жас ерекшеліктеріне қандай топтар жатады?
Нәрестелер, балалар, жасөспірімдер, жастар, ересектер, қарттар, ұзақ өмір сүретіндер.
Әлеуметтік географияның қандай салаларын білесіңдер?
Дін географиясы, көші-қон географиясы, демогеография, этногеография, мәдениет географиясы, геоурбанистика.
Жануарлар әлемін қандай география саласы зерттейді?
Зоогеография (жануарлар географиясы).
Гляциология ғылымының зерттеу нысаны қандай?
Мұздықтарды зерттейді.
Физикалық география нені зерттейді?
Жердің географиялық қабығын және ондағы табиғи құбылыстарды
Қазақстан халқы қай нәсілге жатады?
Қазақстан халқы негізінен еуропеоидтық және монголоидтық нәсілдердің аралас өкілдеріне жатады.
Әлемде қандай негізгі нәсілдер бар?
Негроидтық, еуропеоидтық және монголоидтық негізгі нәсілдер бар.
Нәсіл дегеніміз не?
Нәсіл – адамдардың тарихи қалыптасқан ірі топтары. Олар сыртқы белгілері (тері түсі, шаш, көз, бет пішіні) және кейбір биологиялық ерекшеліктерімен ерекшеленеді
1. География ғылымының салаларына қандай екі негізгі бағыт жатады?
Физикалық география және қоғамдық (әлеуметтік-экономикалық) география.
Қоғамдық (әлеуметтік-экономикалық) географияның зерттеу нысаны қандай?
Халықты және оның шаруашылық әрекетін.
Ландшафт дегеніміз не және ол қандай компоненттерден тұрады?
Ландшафт – жер бедері. Ол өзен, жануарлар мен өсімдіктер әлемі, метеорологиялық элементтер, мұздықтар, топырақ сияқты табиғи компоненттерден тұрады.
Your experience on this site will be improved by allowing cookies.