Гаструла сатысында ұрықтың қандай қабаттары түзіледі? Әр қабаттың болашақта қандай мүшелерге айналатынын айтыңыз
Эктодерма — тері, жүйке жүйесі Мезодерма — бұлшық ет, қаңқа, жүрек, бүйрек Энтодерма — асқорыту жүйесі, бауыр, өкпе
Эмбриогенез дегеніміз не? Оның негізгі сатыларын атап, қысқаша сипаттама бер.
Эмбриогенез — ұрықтың зиготадан бастап толық дамыған организмге дейінгі дамуы.Бластула,гаструла,нейрула
Ұрықтың дамуына зиян келтіретін сыртқы факторларды атап, олардың әсерін сипаттаңыз.
Темекі, алкоголь, есірткі — ұрықтың миының дамуына кедергі келтіреді Улы заттар (мысалы, сынап, радиация) — мидың, жүректің, аяқ-қолдың қалыптасуына кері әсер
Эмбриогенездің ең алғашқы кезеңі қалай аталады?
Зигота кезеңі.
Бластула сатысында қандай өзгерістер болады?
Бластула сатысында жасушалар (бластомерлер) белсенді бөлініп, ұрықтың ішінде бластоцель деп аталатын қуыс түзіледі.
Зигота дегеніміз не және ол қалай түзіледі?
Зигота — аталық және аналық жыныс жасушаларының (сперматозоид пен жұмыртқа жасушасы) қосылуы нәтижесінде пайда болатын бір жасушалы ұрық. Бұл эмбриогенездің алғ
Эмбриогенез қайда жүреді?
Адамда ананың ішінде, жатырда.
Эмбриогенез қанша сатыдан тұрады?
Эмбриогенез 5 негізгі сатыдан тұрады: зигота, бөлшектену, бластула, гаструла, органогенез.
Органогенез кезеңінде қандай биологиялық үрдістер жүреді? Мысал келтіріңіз.
Органогенез — мүшелер мен жүйелердің қалыптасу кезеңі. Бұл кезеңде ұрық қабаттарынан нақты мүшелер дами бастайды. Мысалы, эктодермадан ми мен жұлын дамиды
Эмбриогенездің маңызы қандай?
Бұл үрдіс арқылы жаңа организм дамып, тұқым қуалайтын белгілер іске асырылады.
Your experience on this site will be improved by allowing cookies.