Study

KSC 2

  •   0%
  •  0     0     0

  • Қой аузынан шөп алмайтын
    жуас, момын адам
  • Көз ілмеді
    ұйықтамады
  • Көздің жауын алады
    өте әдемі, тартымды
  • "Қолақтығы" сөзінің мағынасы
    Жасаған жұмысының ақысы
  • Ит өлген жер
    алыс, шалғай жер
  • Қамшы салым жер
    Өте жақын, алыс емес жер, қысқа ғана қашықтық
  • Кірпік қаққанша
    Өте тез
  • Жерден жеті қоян тапқандай
    қатты қуанған күй
  • Жұмған аузын ашпады
    тіс жармады, үндемеді
  • Қолы ашық
    жомарт
  • Құлақ құрышын қандырды
    Тыңдаған адамға ерекше ләззат, рухани рахат сыйлаған сәтті білдіреді.
  • Қарға қарғаның көзін шұқымайды
    өзара кемшілікті көрмеу
  • Жүрегі елжіреді
    көңілі толқыды, мейірімі оянды
  • Таяқтың екі ұшы бар
    әр нәрсенің екі жағы, екі түрлі нәтижесі болуы мүмкін
  • Сүттен ақ, судан таза
    еш кінәсі жоқ
  • Қарасын батырды
    кетіп қалды, көзге көрінбей кетті
  • Құлақтарыңызға алтын сырға
    есте сақтап жүріңіздер, ақылымды құлаққа түріп алыңыздар
  • Құлақ түрді
    тыңдады, елең етті
  • Қол ұшын берді
    көмектесті
  • Төбе шашы тік тұрды
    шошыды
  • Аузын ашып, көзін жұмды
    таңғалды