Ауладағы балалар түнде от жағып, музыка қойып айқайлап ойнады. Көршілер ұйықтай алмады.Бұл құқық бұзушылық па?
Иә, бұл – қоғамдық тәртіпті бұзу. Тыныштықты бұзғаны үшін айыппұл салынады, ал егер жүйелі түрде қайталанса – полиция тіркейді.
Достарың аялдамада айқайлап, қоқыс шашып жатыр. Айналадағы адамдарға кедергі келтіріп отыр. Қандай әрекет жасайсың?
Мен оларға бұл қоғамдық орында өзін мәдениетті ұстау керектігін айтамын. Бұл – ұсақ құқықбұзушылық және әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Өзім мұндайға
Достарың бір баланы ұрып жатыр. Олар сені де шақырып, "қосыл" дейді. Не істейсің?
Мен төбелеске қатыспаймын. Себебі бұл — құқық бұзушылық. Оның орнына жанжалдың алдын алуға тырысамын немесе үлкендерге (мұғалімге, ата-анаға) хабарлаймын.
Достарың көрші ауланың балаларына тиісіп, мазақтап жатыр. Қарсыласса – ұрамыз дейді. Сен не істейсің?
Бұл – бұзақылық және басқа адамның ар-намысына, қауіпсіздігіне қол сұғу. Мұндай әрекеттер үшін 14 жастан бастап жауапкершілікке тартылады. Мен бұл әрекетке қаты
Көшеде белгісіз бала сені итеріп, ұрсыса бастады. Сен қалай әрекет етесің?
Сабыр сақтап, жанжалға араласпауға тырысамын. Қауіп төнсе, ересек адамнан көмек сұраймын немесе ол жерден тез кетемін.
Бір оқушы қалтасынан пышақ шығарып, өзін "қорғану үшін алып жүрмін" дейді. Бұл дұрыс па?
Бұл – заңға қайшы. 14 жастан бастап мұндай әрекет үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Мен бұл туралы дереу мұғалімге немесе жауапты адамдарға хабарл
Сыныптасың сабақта сенің заттарыңа рұқсатсыз қол тигізіп, кейін сындырып тастады. Не істейсің?
Алдымен сыныптасыммен сабырлы сөйлесіп, жағдайды түсіндіремін. Егер ол мойындаса, кешірім сұрауын және шығынды өтеуін сұраймын. Егер шешілмесе, сынып жетекшісін
Бір оқушының суретін әлеуметтік желіге рұқсатсыз жариялап, оны келемеждейтін пікірлер жазылған. Бұл туралы сен де естідің. Не істейсің?
Бұл – кибербуллинг. Мұндай әрекет адамның психикасына зиян келтіреді және заңмен жазаланады. Мен суретті таратпаймын, ал зиян шеккен оқушыға қолдау көрсетемін ж
Your experience on this site will be improved by allowing cookies.