Study

Отбасы құндылықтары

  •   0%
  •  0     0     0

  • Қазақ халқында үлкенді сыйлаудың қандай дәстүрлері бар?
    Сәлем беру, бата алу, жолын кеспеу, ізет көрсету
  • Бақытты отбасы болу үшін қандай қағидаларды ұстану керек?
    Түсіністік, сүйіспеншілік, кешірімділік, бірлік
  • Әкенің інісі саған кім болады?
    Көке немесе ағай
  • Ата-ананың ең басты міндеті не?
    Балаларына жақсы тәрбие беру, оларды жақсы азамат қылып өсіру.
  • Қазақ отбасында қыз баланы қалай тәрбиелейді?
    Инабатты, сыпайы, тәрбиелі, ісмер болуға үйретеді
  • Отбасы мүшелеріне қалай көмектесе аласың?
    Үй шаруасына көмектесу, мейірімді болу, тыңдау
  • Отбасында қандай дәстүрлерді сақтаған дұрыс?
    Бірге уақыт өткізу, үлкендерді құрметтеу, қонақ күту
  • “Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі” мақалы нені білдіреді?
    Бала отбасынан алған тәрбиесін өмір бойы қолданады.
  • “Отан – отбасынан басталады” деген сөздің мағынасы қандай?
    Отбасы – адамның алғашқы тәрбиесі мен құндылықтары қалыптасатын орта.
  • Қазақ отбасындағы қонақ күту дәстүрінің маңызы қандай?
    Кеңпейілділік пен қонақжайлықтың белгісі, достықты нығайтады
  • Отбасындағы міндеттер қалай бөлінеді?
    Әке – асыраушы, ана – тәрбиеші, балалар – көмектесуші
  • Отбасы мүшелерін ата
    Ата, әже, әке, ана, бала
  • Қазақ отбасында үлкен кісілерді қалай құрметтейді?
    Орын беру, сәлемдесу, батасын алу
  • Отбасының ең басты тірегі кім?
    Әке
  • Анаңның анасы саған кім болады?
    Әже
  • Ұл бала тәрбиесінде қандай ерекшеліктер бар?
    Жауапкершілікке, ер мінезділікке, батылдыққа баулиды
  • Ата-анаңды қалай қуантуға болады?
    Жақсы оқу, тәртіпті болу, құрмет көрсету
  • Қазақ халқында “жеті ата” деген не?
    Адамның жеті атаға дейінгі туыстық шежіресі
  • Қазақ отбасындағы “бесікке салу” дәстүрі нені білдіреді?
    Сәбидің өміріндегі алғашқы рәсімдердің бірі, оны бесікке жатқызу
  • Отбасының ең үлкен мүшелерін кімдер деп атаймыз?
    Ата мен әже