Study

Ұлттық ойындар

  •   0%
  •  0     0     0

  • Қазақтың ұлттық ойындары бізге не үшін керек?
    Қазақтың ұлттық ойындары денсаулықты жақсартады, жылдамдыққа, ептілікке үйретеді және дәстүрімізді сақтауға көмектеседі.
  • Ақсүйек қандай ойын?
    Ақсүйекті алысырақ жерге лақтырады және оны барлығы іздейді. Кім бірінші тауып алса, сол жеңімпаз атанады.
  • Ақыл-ойды дамытатын, арнайы тақтада ойналатын ұлттық ойын қалай аталады?
    Тоғызқұмалақ
  • Қазақтың ұлттық ойындары қандай?
    Қазақтың ұлттық ойындары – асық ойнау, көкпар, бәйге, қыз қуу, аударыспақ, теңге алу, алтыбақан, тоғызқұмалақ.
  • Ат үстінде жігіттер серке үшін тартысатын ұлттық ойын қалай аталады?
    Көкпар
  • Алтыбақан деген не?
    Алтыбақан – қазақтың ұлттық ойын-сауық әткеншегі.
  • “Қыз қуу” ойынында кімдер жарысады?
    Қыз бен жігіт
  • Ат жарысы түрінде өтетін ұлттық ойын қалай аталады?
    Бәйге
  • “Асық ойыны” немен ойналады?
    “Асық ойыны” асықтармен ойналады.
  • “Аударыспақ” ойынында не істеу керек?
    Ат үстінде қарсыласын түсіру.