Ампер күші мен Лоренц күштерінің бір-бірінен айырмашылығы?
Ампер күші- магнит өрісі тарапынан тоғы бар өткізгішке әсер етсе, Лоренц күші-магнит өрісі тарапынан қоз,алыстағы жеке зарядталған бөлшекке әсер ететін күш
эквипотенциал бет деген не?
барлық нүктелерде өріс потенциалы бірдей болатын бет
электростатика бөлімі нені қарастырады
қозғалмайтын электр зарядтары арасындағы өзара әрекеттесулерді зерттейді
қысқа тұйықталу деген не?
ток күшінің бірден артуы
катушканың магнит өрісінң энергиясы формуласы
W=LI^2/ 2
конденсатордың электр өрісінің энергиясы формуласы
W=q^2 / 2C
Электр өрісінің күш сызықтары-.........
Әрбір нүктедегі жанамаларының бағыты өріс кернеулігі векторының бағытымен сәйкес келетін сызықтар
Электр кедергісі дегеніміз
Өткізгіштің тоқ жүруіне кедергі жасау қабілетін сипаттайтын физ.шама
электр өрісінің кернеулігі мен потенциалы айырмашылығы?
Кернеулік-электр өрісінің күштік сипаттамасы, ал потенциал-электр өрісінің энергетикалық сипаттамасы
ток жұмысы деген не?
A=qU, электр өрісі тасымалдаған зарядтың берілген өткізгіш бөлігіндегі кернеуге көбейтіндісіне тең
Электр қозғаушы күш деген не?
бірлік зарядты тасымалдау кезінде бөгде күштердің атқаратын жұмысына тең шама
конденсатор деген не?
заряд пен электр өрісінің энергиясын және зарядты жинақтауға арналған құрылғы
айнымалы ток деген не?
уақыттың өтуіне байланысты өзгеріп отыратын ток
егерде тербелістің меншікті циклдік жиілігі 2 есе артса, онда сыйымдылығы қалай өзгереді?
сыйымдылығы түбір асты 2 есе кемиді
ток күші дегеніміз
бірлік уақытта өткізгіштің көлденең қимасы арқылы өтетін заряд мөлшеріне тең шама
Контур деген не?
кез келген тізбек элементтерінің тұйық жалғануы, оны бірнеше тармақтары б/ша айналып өтуге болады
Кернеу дегеніміз
бірлік заряд өткізгіш бойымен орын ауыстырғанда электр өрісінің қандай жұмыс жасайтынын көрсететін шама
Диэлектрлік өтімділік деген не?
диэлектрдегі өріс кернеулігі вакуумға қарағанда неше есе аз екенін көрсететін физ.шама
Асқын өткізгіштік.-........
температура 0 К-ге жақындағанда, металл кедергісінің күрт жойылу құбылысы
Your experience on this site will be improved by allowing cookies.