Оқушы мектепке 15 минутта жетеді. Ал 3 оқушы бұл жолды қанша уақытта өтеді?
15 минутта
Жандостың үйінің бақшасында кәрі бір ағаш бар. Әр жылы 25 сантиметр өседі. Жандос 8 жасар кезінде жерден 140 сантиметр биіктіктегі ағаштың діңіне ЖАНДОС деп есімін жазады. Жандос 12 жасқа толғанда бұл жазу қанша снтиметр өскен болады?
Еш өспейді. Өйткені кәрі ағаштардың діңі емес бұтақтары өседі.
Бір жүк машинасының артында бір шелек тұр. Жаңбыр жауа бастады. Шелек, жүк машынасы тоқтап тұрған кезде тез тола ма, әлде жылдам кетіп бара жатқан кезде ма?
Шелекке судың толу жылдамдығы машинаның тоқтап тұруына немесе жүруіне байланысты емес. Шелек екі жағдайда да бірдей жылдамдықта толады.
Ең үлкен қазанға не симайды?
Сол қазанның қақпағы
100 шөжек, 100 кг бидайды 100 күнде жейтін болса, 10 шөжек, 10 күнде қанша кг бидай жейді?
1 кг
Әкесі 34 жаста, баласы 11 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 2 есе артық болады?
12 жылдан соң
Күшіктер мен үйректер балапандарында 7 бас пен 20 аяқ бар. Қанша ит күшіктері мен үйрек балапандары бар?
3 күшік 4 балапан
Оны қажет кезде тастаймыз, керек емес кезде көтереміз?
Зәкір
2 адам шахматты 2 сағатта ойнаса, 1 адам неше сағат ойнайды?
2 сағат ойнайды
Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім?
Медет
Оны қоюға асығамыз, қойғасын өшіруге асығамыз, ол не?
Будильник
Шаршының қабырғасын үш есе үлкейтсе, оның ауданы неше есе үлкейеді?
9 есе
Қолымдағы гүлдердің екеуін санамағанда барлығы раушан, тағы екеуінен басқасының барлығы қалампыр, тағы екеуін есептемегенде барлығы лалагүл. Менің қолымда қанша гүл бар?
3 гүл
Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды?
12 құс. (Тордан ұша алмайды)
Жасыл адамды көрсек не істеу керек?
Жүру керек
Күн мен Түн немен аяқталады
н әріпімен
Ағашты он бөлікке бөлу үшін оны неше жерінен кесу керек.
9
Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?
шырпы
Асхат, Жарқын, Медет және Жалғас жұмысқа барды: екеуі жеңіл машинамен, екеуі автобуспен. Жарқын мен Асхат, Жарқын мен Жалғас әртүрлі көлікпен барды, ал Медет автобуста болды. Кім жеңіл машинамен жұмысқа барған?
Асхат
Жарысқа қатысып жатып, сіз екінші болып жүгіріп келе жатқан жүйрікті басып оздыңыз. Сіз қазір нешінші орындасыз?
2 орында
Үш гном бар. Сол үш гномға үш қызыл және үш көк капюшонды көрсетеді. Қараңғыда үшеуіне екі қызыл және бір көк капюшонды кигізіп, қалғандарын жасырады. Гномдардың қайсысы өз басындағы капюшоның түсін таба алады?
ешқайсысы
Your experience on this site will be improved by allowing cookies.