Ерітінділер туралы оқытудың негізгі маңызы қандай?
Көптеген заттардың қасиеттерін терең түсінуге, алмасу және тотығу-тотықсыздану реакцияларының мәні, химиялық реакциялардың қайтымдылығы, тсс білімді дамытады
Электролиттік диссоциациялану теориясымен таныстырудың іс жүзінде қалыптасқан әдістемелік тәсілдері?
1 тәсіл – ерітінділердің эл. өткіз сынаудан бастап диссоциациялаудың механизмі, 2 тәсіл – алмасу реакцияларының ерекшелігін қарастыру, еріт-дің эл.өткіз сынау
Ерігіштік коэффициентіне байланысты ерітінділер қалай жіктеледі?
Қанық, қанықпаған, сұйық, аса қаныққан
Еру физикалық-химиялық құбылыс екенін түсіндіретін тәжірибе қандай?
Қатты күйіндегі натрий сілтісінің суда еруі, күкірт қышқылының суда еруі, қатты күйіндегі аммоний нитратының суда еруі.
Электролиттік диссоциациялану теориясын оқытуда негізгі қандай ұғымдары қалыптасады?
ерітіндіде иондар түзілу механизмі; диссоциациялану дәрежесі және оған сұйылтудың әсері, күшті, әлсіз электролиттер, элемент атомы мен ионының айырмашылығы, тсс
Электролиттік диссоциациялану теориясының даму тарихы туралы баянда.
Электролиттік диссоциациялану теориясын 1887 жылы швед ғалымы С.А.Аррениус (1859-1927 ж) ұсынды.
Электролиттік диссоциациялану теориясының негізгі қағидалары?
1. Электролиттер ерігенде оң және теріс зарядталған иондарға ыдырайды, оң иондар зарядтарының қосындысы теріс иондар зарядтарының қосындысына тең болады.
Ерітінді дегеніміз не?
Екі немесе одан да көп заттардың біртекті қоспасы
Ерітінділер туралы алғашқы ұғым қандай тәжірибе арқылы қалыптастырылады?
Қоспалар мен ерітінділер қасиеттерін салыстыратын тәжірибе
Қанық ерітінді анықтамасы?
Заттың белгілі температурада әрі қарай еруі мүмкін емес ерітінді
Диссоциациялану дәрежесі туралы ұғым қалыптастыру тәжірибесі?
Ол үшін тұз және сірке қышқылының концентрациялары бірдей ерітінділерінің электр өткізгіштігі сыналады.
Электролиттік диссоциация дегеніміз?
Заттардың суда ерігенде немесе балқығанда иондарға ыдырау процесі.
Your experience on this site will be improved by allowing cookies.